0 дауыс
452 көрілді
Танымал  тележүргізуші  Назира Бердалының шығармашылығымен таныссам деп едім... Оның қандай шығармалары бар?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Нәзираны өте талантты ақын деп есептеймін, өлеңдерін іздеп жүріп оқимын, Айқын газетіне көптеген шығармалары шығып жүр, ең жақсы көріп оқыған шығармам

Көктің жүзі тылсым түспен түнеріп,
Көрпе-бұлтты серіппеуге бекінді.
Ғайып болған, кеткендей-ау күн еріп,
…Ғажап нәрсе төгілетін секілді.
Қоңыр-сары жапырақтар қалықтап,
Жауып жатыр жерге түскен әр ізді.
Қиял-құсым әлдеқайда шарықтап,
Түсінбедім… жыр туатын тәрізді.
Күзгі көңіл саябақты аралап,
Сені іздеген сабылыстан шаршады.
Екеу отыр сәмбі талды саялап,
Оңашалық орап апты аршаны.
Күндер бөлді арамызды бірге өтпей,
Мен — мұндамын, сен — андасың, шалғайда.
Мына жаңбыр, көктің жүзін түнертпей,
Жауар болса, жылдам жауа салмай ма?
Жапырақтар күз мұңына жуынып,
Жүректерін жоқтар еді, жұлынып,
Жер бетіне бара жатқан жығылып.
Сенде де жоқ, менде де жоқ жылылық
Күзде де жоқ.
Тұл үміт…
Сен қайтып келмейсің.
Тағы да таусылған әңгіме…
Далада — табиғат-анаға жан кіре,
Дүбірлі көктемгі дүние,
Айтқызып әсем тау-тасына,
Өзімнің қырсықтығымның арқасында
Жалғыз қалатынымды сездім… мәңгіге.
Аударылды да өмірімнің бір парағы
Көзілдірік таққан жанарым сен кеткен жаққа қарады.
Тық-тық еткен компьютердің ақ «тышқаны»
Санамды тесіп барады.
Көшедегі көктем, жайқалған көркем бау қалып,
Белгісіз жақта белгісіз отқа лауладық.
Құтқарушым сен бе ең,
Өртіме айналдың сөнбейтін
Ал мен барамын ештемені енді сезбейтін
Қуыршақ-қызға, қуыршақ-қызға айналып…
...