+1 дауыс
Химия пәнін қалай түсінуге болады? Түсінері түсінемғо бірақ есеп шығара алмайм.Оксид,Термохимиялық есептерді қалай шығаруға болады?
31.01.2015 6.2k қаралым
Химия кірмей қойды миыма!
"Химия қиын, ашиды миым" дейсің ғой? :))

3 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Химиялық формулаларды жақсы білу керек,  есептерді шығару үшін.  Термохимиялық есептерді шығару кезінде мынаған назар аударыңыз.  Егер есептің берілгенінде  " жану кезінде"," жағу арқылы" деп басталса , онда сол заттың жану реакциясының теңдеуін  жазамыз. Ал егер " қосылғанда", " қосылса" деп басталса қосылу реакциясының  теңдеуін жазамыз. Сосын сол заттың массасын және мольдік массасын табуды білсеңіз  есеп қиындық тудырмайды. Термохимиялық  есептерді шығаруда  жану, жылу бөліну, айырылу,  қосылу реакцияларын, термохимиялық теңдеуді  жақсы білуіңіз керек.  Ал оксидтерде берілген заттың мольдік массасын,  салыстырмалы атомдық  және салыстырмалы молекулалық массасын табуды үйреніп алу керек сияқты.
01.02.2015
+1 дауыс
Дәптеріңнен шығарылған есептерді қарап қалай шығарылғанын түсініп көр.
31.01.2015
+1 дауыс
8 сыныптың кітаптарынан бастап оқы. Репетитордың көмегінсіз есеп шығаруды үйрену қиын, мұғалімнен көмек сұра (:
01.02.2015
127,959Сұрақ
322,885Жауап
153,169Пікір
73,000Қолданушы