Химиялық формулаларды жақсы білу керек, есептерді шығару үшін. Термохимиялық есептерді шығару кезінде мынаған назар аударыңыз. Егер есептің берілгенінде " жану кезінде"," жағу арқылы" деп басталса , онда сол заттың жану реакциясының теңдеуін жазамыз. Ал егер " қосылғанда", " қосылса" деп басталса қосылу реакциясының теңдеуін жазамыз. Сосын сол заттың массасын және мольдік массасын табуды білсеңіз есеп қиындық тудырмайды. Термохимиялық есептерді шығаруда жану, жылу бөліну, айырылу, қосылу реакцияларын, термохимиялық теңдеуді жақсы білуіңіз керек. Ал оксидтерде берілген заттың мольдік массасын, салыстырмалы атомдық және салыстырмалы молекулалық массасын табуды үйреніп алу керек сияқты.