тауықтарды білмеймін, ал пингвиндерге қатысты жауабым: эволюция нәтижесі
яғни, пингвиндер ұшу қабілетін шапшаң жүзу қабілетіне айырбастаған. Олардың қанаттары ұшу емес, жүзу құралына, анығы жүзбеқанатқа айналып кеткен. Бұл оның мекен ету ортасымен, қорегін тауып жеу тәсілімен түсіндіріледі. Пингвин өз қорегін суда қуып жету үшін, жылдам жүзуге мәжбүр. Ал, ұшуға бейімделген қанат суда ұзақ уақыт, әрі жылдам жүзуге кедергі келтіреді. Бір жағынан, арктиканың суық суы да бұл эволюцияны тездеткен.
Тауықтарды түсіндіре алмаймын. Бәлкім, әуелде құстарды қолға үйретіп, үй құстарына айналдыра бастағанда, ұшу қабілетін жоғалтып, адам қолынан қоректенген соң, қорегін тауып жеу, жауларынан қорғану қажеттілігі болмай, қанаттары дамуын тоқтатқан шығар. Денелегі қандай да бір мүше өз міндетін атқармай, қозғалысқа түспесе, онда семіп, жоғалады :)