0 дауыс
15.2k көрілді
Маржан деген есімнің мағынасы қандай?

2 жауап

+2 дауыс
Маржан, коралл (грек. korallіon) — көбіне маржан полиптері класына, жарым-жартылай гидроидтар класына жататын ішек қуысты теңіз жануарлары. М-дардың көпшілігі пішіндері әр түрлі әктасты (кейде мүйізді) қаңқа түзеді. Маржан рифтерінің негізі мадрепоралы М-дар тоғайынан тұрады.
Маржан деп сондай-ақ әшекей бұйымдар жасалатын қызыл және қара М-дардың қаңқаларын да айтады. Түсі алуан түрлі болып кездеседі. Зергерлік өндірісте кей түрлері (қызғылт, қызыл, сарғылт қызыл, қызғылт қоңыр, қара, т.б. түсті) қолданылады. Түсі құрамына енген түрлі органикалық заттар мен қоспаларға байланысты. Темір қоспалары М-ды қызғылт, қызыл, сарғылт қызыл, қоңыр, ал марганец — сұр түске бояйды. Дүниежүзілік саудада алынған жеріне және сапасына қарай африкалық, алжирлік, сицилиялық, жапондық, т.б. болып жіктеледі. Жыл сайын 50 т-ға жақын маржан өндіріледі. Одан түрлі зергерлік және әшекейлік бұйымдар жасалады. Н. Құдайбергенова  қазақша Уикипедиадан алынған
0 дауыс
Маржан-бұл араб тілінен аударылған есімдердің бірі. Бұл есімнің мағынасы асыл тас.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 20.12.2020 Жалпы сұрақ сұрақ қойды
...