+1 дауыс
829 көрілді

Фейсбук әл.желісінде бір ник иесі "Аттың төресі - адай жылқысы" деген атаумен түсірілген видеоны бөліскен екен. Менің білуімде, ат сөзі  -   жұмысқа, яғни соқа мен арбаға жегілген, үйірден бөлінген, бие көрмегеніне, не айғыр көрмегеніне қаншама жылдан асқан өзін-өзі тастап жіберген жылқы жануарына қатысты айтылады. Сіз қалай ойлайсыз? Жоғарыдағы, теңеу дұрыс па? Бір қолданушы менің мұнда ойыма қарсылық ретінде Абай Құнанбаевтің 

Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ

Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,
Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.
Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,
Ой желке, үңірейген болса сағақ.

Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті,
Қабырғалы, жотасы болса күшті.
Ойынды еті бөп-бөлек, омыраулы,
Тояттаған бүркіттей салқы төсті.

Жуан, тақыр бақайлы, жұмыр тұяқ,
Шынтағы қабырғадан тұрса аулақ.
Жерсоғарлы, сіңірлі, аяғы тік,
Жаурыны етсіз, жалпақ тақтайдай-ақ.

Кең сауырлы, тар мықын, қалбағайлы,
Алды-арты бірдей келсе ерге жайлы.
Күлте құйрық, қыл түбі әлді келіп,
Көтендігі сығыңқы, аламайлы.

Ұршығы төмен біткен, шақпақ етті,
Өзі санды, дөңгелек келсе көтті.
Сырты қысқа, бауыры жазық келіп,
Арты талтақ, ұмасы үлпершекті.

Шідерлігі жуандау, бота тірсек,
Бейне жел, тынышты, екпінді, мініп жүрсек.
Екі көзін төңкеріп, қабырғалап,
Белдеуде тыныш тұрса, байлап көрсек.

Тығылмай әм сүрінбей жүрсе көсем,
Иек қағып, еліріп басса әсем.
Шапса жүйрік, мінсе берік, жуан, жуас,
Разы емен осындай ат мінбесем.

Аяңы тымақты алшы кигізгендей,
Кісіні бол-бол қағып жүргізгендей.
Шапқан атқа жеткізбес бөкен желіс,
Ыза қылдың қолыма бір тигізбей.

Разы емен осындай ат мінбесем.
Аяңы тымақты алшы кигізгендей,
Кісіні бол-бол қағып жүргізгендей.
Шапқан атқа жеткізбес бөкен желіс,
Ыза қылдың, қолыма бір тигізбей!"

мысалға келтіріпті. Мен онда ат сөзінің қолданылуын жай ұйқасқа ілінген деп қабылдаймын. 

1 жауап

+1 дауыс

Меніңше Ат сөзі мініске үйретілген жылқының барлығын атайтын сияқты, (мысалы ұрғашы тайды үйретіп мінсе де Ат атай беретін сияқты) 

Анығын Жако аға жауап бермесе,  

...