0 дауыс
728 көрілді
Ариецтер дегендер кімдер?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Неміс фашисттері өздерін таза қанды, асыл тұқымды, арийліктерміз деп атаған.

Жалпы неміс фашистерінің өздерін ең жоғарғы нәсіл  «Арийліктерміз»  деп атаған тұжырымы дәлелсіз дүние болып табылады. Өйткені  «Арийлардың» өзге ұлттардан оқшауланатын  ешқандай нәсілдік артықшылығы болмаған. Керісінше, бұл атауға көне түркілердің көп қатысы бар екенін кейінгі жылдары ғалымдар айтып жүр.

 

 

Арилер — ежелгі тайпа. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың басындағы Қазақстанды мекендеген тайпалар тарихы арий (ежелгі иран) және үндіарий (ежелгі үнді) тайпаларымен байланысты айтылады. Олар үндіеуропа тілдері шоғыры мен мәдени қауымдастығына жатқызылып, қазақ даласындағы Андрон мәдениетінің өкілдері ретінде танылуда. Олардың жиынтық атауы — “арья”. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың екінші ширегі аталмыш тайпалардың ұлы қоныс аудару дәуірі болды. Бұлар оңт.-шығысқа қарай бет алып, Солт. Үндістанға, Иран мен Месопотамияжеріне барып тоқтаған. Үндіарилер тілінің жұқаналары хеттердің (қазіргі Түркия жерінде) қыш тақталарындағы таңбаларда ізін қалдырған. Өте ерте замандарда арилер мен үндіарилердің ата-бабалары бір халық болып саналып, түпкіүндіирандықтар (протоиндоиранцы) деп аталуда. Олардың қоғамы басты екі топқа бөлінді: қызметкерлері — абыздар және бақташы-жауынгерлер.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
4 жауап
0 дауыс
1 жауап
...