+1 дауыс
34.7k көрілді
Мақсатты келер шақ етістігі бар өлең керек?

3 жауап

+3 дауыс


Мақсатты келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді. 
Мақсатты келер шақ етістіктің түбіріне – мақ, - мек, - пақ, - пек, - бақ, - бек жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы қосылуы арқылы жасалады. Мысалы: Мен қала бар+мақ+пын. 
Мақсатты келер шақтың болымсыз түрі – мақ, - мек, - пақ, - пек, - бақ, - бек және – шы, - ші тұлғалы негізгі етістікке емес деген көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалады. Ондайда жіктік жалғауы емес деген көмекші етістігіне жалғанады. Мысалы: кел – мекші емеспін, бармақ емес - сің
 

Мақтау мен сөгіс

    Біреу сені мақтаса, қуанасың,
Жамандаса, жабырқап, суаласың.
Мақтаған кім, сөккен кім - онда ісің жоқ.
Бәрібір сен де елерме дуанасың.
Дос мақтаса, не пайда онан саған,
Дұшпан сөксе, не кемдік көрдің жаман?
Шын сөзбенен мақтаса, иә боқтаса,
Мақтау пайда, зиян ба жамандаған?
Бойда жоқпен мақтаса, яки сөксе,
Қуанбақ, не кейімек өзіңе еп пе? 
Әділ жүрек, таза ақыл мақтайтұғын, 
Солар сөкпес іс қылар жолды көксе.
Дос мақтайды сен жақсы көрмек үшін,
Дұспан мақтар елерте бермек үшін.
Есептемей есірік елін мақтар, 
Көп нені айтса, соны айтып ермек үшін.
Бұл үш мақтау берер ме саған пайда,
Мақтаулыны білерлік адам қайда?
Өзіңнен ілгерілер сүйсінерлік
Жол тап-тағы ақылды солай айда.
Кейде дос та жамандар жоқ нәрсе
үшін
Дұспан сөгер сыртыңнан қайрап тісін.
Өнері жоқ, өсекшіл ел жамандар.
Өтірік пе, рас па, көрмей ішін.
Келер-кетер зиян жоқ мұнан тағы,
Мін болмайды наданның қорламағы.
Білімділер сөгерлік ісің болса,
Жоғалта бер айласын, ойла-дағы.
Тауып айтқан талассыз мақтау, боқтау,
Жақсы іске ындын, зиянға салар тоқтау.
Көп наданның сөзімен құйқылжысаң,
Сен де жынды боласың есі жоқтау. 

Автор: Ш.  Құдайбердіұлы

0 дауыс
Коркем адебиеттен мысал келтирип жазу [максатты келер шакк
0 дауыс
Мысалы әлди өлеңін алуға болады Ол өлеңде Ақын болармекенсің елін ойоайтын деген сиякты келер шақтың сөздеоі көп
...