Өтінем, білетіндеріңіз болса, жауап беріңіздерші.
1. Үш таңбалы санның біріншісі 8. Егер бұл цифрды орнынан алып, санның соңына қойса, бастапқы сан 19-ға артады. Бастапқы санды тап.
2. Шыңғыс ішіне төрт шелек су сиятын акваиумды толтырмақшы. Ол краннан 1 шелек су толтырып алып аквариумга жеткізгенше шелектің 2/4 бөлігі төгіліп қалып отырған. Аквариумды толтыру үшін Шыңғыс неше рет су тасу керек?
3.Мерейдің Гүлданадан 3есе артық маркасы бар. Егер Мерей 16маркасын досына силаса, олардың маркаларының саны бірдей болады. Мерейдің және Гүлдананың қанша маркалары болғаны?
4. Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады. Шал қуанып кемпіріне жаға болады деп, түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1минутта 1балық, 2минутта 2балық, т.с.с бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2есе артық лақтыра береді. 7минутта барлығы неше балық лақтырған?
5. Сұрақ белгісі орнындағы сан? : 16, 06, 68, 88, ? , 98
6. Үшбұрыштың екі қабырғасы сәйкесінше 6 жане 8см. Осы қабырғаларға жүргізілген медианалар өзарв перпендикуляр. Үшбұрыш ауданы?
7. Мыналар бір заңдылықпен, табу керек: 60, 120, 60, 180, 90, 60, 180, 900, ?