0 дауыс
407 көрілді
Сақтандыру ұйымын құруға рұқсат алу үшін уәкілетті мемлекеттік органға қандай құжаттар тапсырылады?

1 жауап

0 дауыс

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін уәкілетті мемлекеттік органға мынадай құжаттар табыс етіледі:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алуға өтініш;

2) нотариат куәландырған және заңдарда белгіленген тәртіппен ресімделген құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты) төрт данасы;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру туралы шешім қабылданғанын дәлелдейтін құжаттар;

4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамалар, құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері қамтылатын құрылтайшы заңды тұлғалар туралы мәліметтер (мұндай құрылтайшылар болған кезде), аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілігі, құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы бухгалтерлік баланс және пайдалар мен шығындар туралы есеп;

5) құрылтайшылар - жеке тұлғалар (мұндай құрылтайшылар болған кезде) туралы мәліметтер, соның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру үшін пайдаланылған ақша көздерінің сипаттамасы мен сомасы, сондай-ақ белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығы жоқтығы туралы анықтама;

6) құрылтайшылар құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген тұлға бекіткен, актуарий растаған және "жалпы сақтандыру" саласында құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін таяу үш жылға және "өмірді сақтандыру" саласында құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін бес жылға арналып әзірленген бизнес-жоспар. Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер: сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құрудың мақсаттары, негізгі қызмет бағыттарының қысқаша сипаттамасы және құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бағдарланатын нарық сегменті, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы және нарықтағы үлесі туралы ақпарат, өнімдер мен көрсетілетін қызмет түрлері, оларды сату тәсілдері, маркетингтік зерттеулер, сақтандыру андеррайтингі, баға стратегиясы, соның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі және олардың экономикалық негіздемесі, өнімдерді жылжыту стратегиясы, сақтандыру өнімдерін бөлу, қаржы жоспары, соның ішінде шығындылық коэффициенттерінің болжамы, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүргізуге ниет етіп отырған инвестициялық саясат пен қайта сақтандыру саясаты, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық құрылымы, директорлар кеңесі, мамандардың болжамды білім деңгейі, уәкілетті органның тиісті талаптарына сәйкес келетін тәуекелдерді басқару ұйымы көрсетілуге тиіс;

7) өтініш берушінің құрылтайшылар атынан өтініш беру өкілеттігін растайтын нотариат куәландырған құжат.

...