0 дауыс
1.3k көрілді
Сақтандырушының негізгі міндеттері қандай?

1 жауап

0 дауыс

Сақтандыру қызметі туралы Заңға сәйкес сақтандырушы цақтанушыны (сақтандырылушыны) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру талаптарымен таныстыруға, оның көлік құралы иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге; көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқаннан кейін сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисін беруге; осы Заңның 20-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған адамдарға сақтандыру сыйлықақыларын төлеу жөнінде жеңілдік жасауға; көлік оқиғасы туралы хабар алынған кезде оны кідіріссіз тіркеуге; жәбірленушінің немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты зиянды өтеткізуге құқығы бар адамдардың жазбаша өтінішін алған күнінен бастап жұмыс күні ішінде сақтандыру жағдайын растайтын құжат болған кезде көлік оқиғасына кінәлі болып табылатын сақтанушының сақтандыру полисінің (сақтанушының тегі, аты, болған жағдайда - әкесінің аты, көлік құралын тіркеудің мемлекеттік нөмірі, нөмірі және берілген күні) бар екендігі туралы жазбаша мәліметті беруге; осы Заңда белгіленген мерзімде және тәртіппен сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің (пайда алушының) немесе олардың өкілдерінің өтініші бойынша зақымдалған (жойылған) мүлікке тәуелсіз сарапшыда бағалау жүргізуді ұйымдастыруға және бағалау туралы есепті пайда алушыға танысу үшін ұсынуға; сақтанушы осы Заңның 25-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды табыс етпеген жағдайда, жетіспейтін құжаттар туралы оны кідіріссіз, бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша хабардар етуге; сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемін осы Заңда белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде жасауға; сақтанушыға (сақтандырылушыға) олардың сақтандыру жағдайы кезінде шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатымен жұмсаған шығыстарын өтеуге; сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге міндетті. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де міндеттері көзделуі мүмкін.

...