0 дауыс
347 көрілді
Актуарийді лицензиясынан айыру себептері қандай?

1 жауап

0 дауыс

Уәкілетті мемлекеттік орган мынадай негіздердің бірі бойынша:
1) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлар белгіленген мерзімде жойылмаған;
2) лицензияның қолданылуы бірнеше рет (соңғы он екі айдың ішінде екі рет) тоқтатыла тұрған;
3) актуарий есептеулерін жүргізу, сондай-ақ тәуелсіз актуарий ретіндегі қызметті жүзеге асыру барысында алынған және сақтандыру құпиясы немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтер жария етілген немесе үшінші тұлғаға (уәкілетті мемлекеттік органнан басқасына) берілген;
4) сот актуарийдің кәсіпкерлік қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайларда лицензиядан айыру туралы шешім шығаруға құқылы.

...