Сақтандырушының негізгі құқықтары қандай?

0 дауыс
688 қаралым
Сақтандырушының негізгі құқықтары қандай?
• Санаты: Сақтандыру | 688 қаралым

1 жауап

0 дауыс

Сақтандыру қызметі туралы Заңға сәйкес сақтандырушы көлік құралы иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген мәліметтерден басқа, осы Заңға сәйкес көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартына енгізу үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың осының алдындағы шарттары, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты беруін талап етуге; тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретіне орай, сақтандыру жағдайының басталу фактісін және жәбірленушілерге келтірілген зиянның мөлшерін растайтын құжаттарды сұратуға; көлік оқиғасының себептерін және өзге де мән-жайларын анықтауға; осы Заңның 28-бабында көзделген жағдайларда, зиян келтіргені үшін жауапты тұлғаға, кері талап қоюға; осы Заңның 29-бабында көзделген негіздер бойынша сақтандыру төлемін толық немесе ішінара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына қайшы келмейтін басқа да құқықтары көзделуі мүмкін.

Ұқсас сұрақтар

127,937 сұрақ
322,803 жауап
153,169 пікір
72,927 қолданушы