0 дауыс
1.2k көрілді
Ханга дат айткан  даралардын тизими керек еди

1 жауап

+1 дауыс

Ондай тізім жоғ-ау өзіңіз қолға алып жасамасаңыз. Менің білетінім батырлар, билер, уәзірлер тіпті қарапайым халықта ханға дат айтқан.... 

Ал адамдардың аты керек десеңіз мысалға, Жиренше шешен

Жиренше шешен жайлы аңыз

Хан жарлығы бойынша мен де Жиреншенің қимар қатарына отырдым. Мен отыра салысымен-ақ хан менен етектеуіш басталғы ілме жауап сұрап:

- Алла жаратқанда, адам пендесін  неден құралмағы шарт болған? - деді. Мен:

- Адам баласы Алла өзі жаратқан алты несібелік мінсіз бітістік пен адам пендесі өзі теретін алты несіптік ризықтан құралмағы шарт болмақ, - дедім. Хан тағы да менен:

- Соңы немен тынбақ? - деп ілмеледі. Мен:

- Жылап туылып, жырғап өсіп, ажалдан өшіп, елді ешретіп, жерді күңірентіп жер бесікке түспекке аттанбақ, - дедім. Хан:

- Сырқат деген не? - деп сұрады. Мен:

- Адамзатына ғана Алла жазған тұғырлық алты несібеге сан алуан сырқат себепкерлері жұғып, науқастандырып бұлдіру арқылы тухырлық алты несібе мен алты несіптік ризықтық дәнекерді бұзушы бұзғыншылық сырқат делінбек, - дедім. Хан:

- Сырқат қалай айықпақ, науқас  қалай жазылмақ? - деді.

Мен:

- Әуелі сырқаттық сипат нақтамалылығы дәл болмақ, соған сай шипа емі дарым зәруаты дарымдылық дәлдігі туралық тапса, айығым алғысты болмақ. Науқас үйлесті күтінім шартын өтемегі жарақ. Артынша болса, бейнеті көп тартпақ, алдашы ажал торымына жолықпақ, - дедім. Хан үндеместен ризалықпен басын шұлғи берді. Мен осы орайда:

- Дат тақсыр! - дедім. Хан:

- Дат айтылмақ шарт, - деді. Мен:

- Шипа ем дарым заруатында  һалал, һарамдық жоқ. Бұған  осы отырған, хан бастаған игі жақсылар демегі қалай паталамақ екенін, я болмаса артынша болмағы шарт па? Осыны ашаламақ парызы қанашаңыздың, сіз тақсырдың уәжібіне мұхтасар болмағы шарт алдында тұрғылық, - дедім...

...