+1 дауыс
6.1k көрілді
Адамның көз жасы қалай пайда болады және қалай шығады? Көз жасы жайлы не білесіздер?
Көз жасы - 1% судан, 99% сезімнен құралады деп айтып жүр ғой білгіштер.
Мен айтқан шығарм. пфф.

7 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап


Көз жасы

АҚШ-тың Миннесота университетінің ғалымдары жылап алу адамдардың  88,8%-ның көңілін көтеретінін, денсаулығын жақсартып, иммунитетін күшейтетінін анықтаған. Сондай-ақ көз жасы стресстен жақсы ем болып табылады, деп хабарлайды Утро.ру.

«Стресс жүрек талмасына әкеп соқтыруы мүмкін және ол мидың қалыпты жұмысына зақым келтіреді. Көздің жасы ағзадағы жағымсыз химиялық заттарды шығарады», - дейді профессор Уильям Фрэй.

Сонымен бірге анда-санда жылап тұру көздің көру қабілеті үшін де пайдалы екен.
http://www.inform.kz/rus/article/2510241
+2 дауыс
Көз жасы

      Қобалжуларға себеп болатын кейбір токсиндердің бір бөлігі көз жастарымен денеден шығып кетеді. Сонымен қатар көз жасы – көзді жұмып ашу арқылы болатын тұрақты үйкеліс себебінен көздің бұзылуының алдын алады.

       Фрейдің зерттеулері бойынша, әйелдердің еркектерден көбірек өмір сүрулері, олардың көп және еркін жылауларына байланысты. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, әйелдердің көз жастарын жинау мүмкін болғанда, 70 жастағы бір әйелдің көз жастары бір шелекті толтырады екен.  massaget
+2 дауыс
Көздөн жас ағу - Жас көзді жуып, құрғап кетудөн сақтайды, әртүрлі микробтардың көбейуіне кедергі болады. Ол жас бездерінде пайда болып, жас арналары арқылы жас дорбасына жиналып жасшығару жолдары арқылы шығады. Жас адамның эмоционалдық жағдайынан да туындауы мүмкін - қатты күлгеннен немесе жылағаннан, ренжігеннен, елжірегеннен.

Жас ағуға көзге бөтен нәрсенің түсуі, көздің жасшығару жолдарының бітелуі, жастың көп бөлінуі, жас бөліп шығару бездерінің қызметінің бұзылуы, көздің сыртқы қабықшаларының сезімталдылығы да себепкер болады.

Адамдар қатты суыққа, самал желге, қараңғы жерден өте жарық жерге шыққанда да жас ағады. Мұндай жағдайларда жас ағудың алдын алу үшін көзілдірік киген абзал.

Көзден жас ағып тоқтамаса немесе көз үнемі құрғап жүрсе дәрігерге қаралған жөн.

Жастың құрамы адам қанының құрамындай, бірақ қанға қарағанда жаста калий мен хлор көп, ал органикалық қышқылдар аз болады. Қан құрамы сияқты жас құрамынан да адам ағзасы туралы көп мәліметті білуге болады, жас құрамы адам ағзасының жағдайына қарай өзгеріп тұрады.

Жас құрамында адамның қобалжу мен үрейлену сезімдерін төмендететін психотропты заттар да бар, сондықтан адам жылағанда жеңілдеп қалады деген пікір де бар.
0 дауыс
Көз жасы есінеуденде шығады.
0 дауыс
әр түрлі тосын жағдайға байланысты шығады ғо
0 дауыс
Көз жасы пияз аршығанда, жылағанда шығады
0 дауыс
Көз жасы кино көріп отырғанда,жылағанда шығады!

Ұқсас сұрақтар

...