Көздөн жас ағу - Жас көзді жуып, құрғап кетудөн сақтайды, әртүрлі микробтардың көбейуіне кедергі болады. Ол жас бездерінде пайда болып, жас арналары арқылы жас дорбасына жиналып жасшығару жолдары арқылы шығады. Жас адамның эмоционалдық жағдайынан да туындауы мүмкін - қатты күлгеннен немесе жылағаннан, ренжігеннен, елжірегеннен.
Жас ағуға көзге бөтен нәрсенің түсуі, көздің жасшығару жолдарының бітелуі, жастың көп бөлінуі, жас бөліп шығару бездерінің қызметінің бұзылуы, көздің сыртқы қабықшаларының сезімталдылығы да себепкер болады.
Адамдар қатты суыққа, самал желге, қараңғы жерден өте жарық жерге шыққанда да жас ағады. Мұндай жағдайларда жас ағудың алдын алу үшін көзілдірік киген абзал.
Көзден жас ағып тоқтамаса немесе көз үнемі құрғап жүрсе дәрігерге қаралған жөн.
Жастың құрамы адам қанының құрамындай, бірақ қанға қарағанда жаста калий мен хлор көп, ал органикалық қышқылдар аз болады. Қан құрамы сияқты жас құрамынан да адам ағзасы туралы көп мәліметті білуге болады, жас құрамы адам ағзасының жағдайына қарай өзгеріп тұрады.
Жас құрамында адамның қобалжу мен үрейлену сезімдерін төмендететін психотропты заттар да бар, сондықтан адам жылағанда жеңілдеп қалады деген пікір де бар.