+2 дауыс
17.6k көрілді
Ауырғанда және ауырмай да адам түшкіреді. Оның пайдасы мен зияны қандай? Не себепті түшкіреді адам?

8 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Дәрігерлер түшкірудің компьютерді қайта іске қосумен ("перезагрузка") парапар екенін айтып отыр. Ағзадағы жүйелер бір серпілуі тиіс болған кезде адам түшкіреді екен.

Couriermail.com.au порталының хабар­лауын­ша, Пенсильвания университетінің дәрігері Ноам Коэн түшкірудің адам ағзасы үшін ерекше процесс екенін анықтады. Ол тышқан­дар тұмсығы жасушаларының кілегейлерден қалай арылатынын зерттеген.

Зерттеу барысын­да жасушалар ауа ағыны әсеріне ұшырап, тітіркенсе, олардың биохимиялық реакциялар жүйесі түгел серпіліп, қайта "іске қосылған". "Егер ағзадағы жүйелерде қандай да бір кілтипан болса, ол дұрыс жұмыс істемей, серпілуге талпынады, сол кезде мұрын қуысы жасушаларындағы талшықтар түшкірікті туғызады. Адам түшкірген кезде мұрын қуысы мейлінше қалпына келеді де, сенсорлар тыныспен бірге ішке енген бөлшектерді қайтадан талдай бастайды", – дейді Коэн.

Ғалым мұрын қуысы қабынған адамдардың жиі түшкіретінін айтады. Себебі олардың жасушалар жүйесі қайта қалпына келуге талпынумен болады.http://news.nur.kz/226110.html
0 дауыс


Бiз үнемі түшкіруді тұмау тиюдiң белгісі деп қараймыз. Деседе, түшкірудің тұмаудың алдын алу және тұмауды емдеу ролi бар екенін біле бермесеңіз керек. Жүңгөша шипәгерлікте адамды әдейі түшкірту арқылы тұмаудың алдын алып, түрлі жұқпалы тұмауды емдеу әдісі бар . Жүңгөша шипәгерлікте тұмау - суықтан болған тұмау және ыстықтан болған тұмау деп бөлінеді. Суықтан болған тұмау күз маусымы мен қыс маусымындағы қара суықтан пайда болатын үнемі кезігетін тұмаудың түрі. Мамандар: «суықтан болатын тұмау адамға білінбей өтетін қара суықтан пайда болады. Мұрыннан су ағу, түшкіру сынды физёлогиялық құбылыстар суықты айдап, тұмаудан айықтыруға пайдалы. Батыс емшілігінде үнемі қолданылатын тұмау дәрілері тұмауды кетіргенімен денедегі суықты түбірінен арылта алмайды. Жүңгөша шипәгерлікте суықтан болған тұрлы жұқпалы тұмауларды адамды түшкірту арқылы емдейді. Бұл адам денесіндегі суықты дер кезінде айдап, тұмаудың асқынуының алдын алады» дейді. Дәрі арқылы адамды түшкіртуге болады. Әдетте қарамала дәні мен мұзды ұнтақтап алған соң аз мөлшерде алақанға немесе қолдың сыртына жағып иіскесе адам еріксіз түшкіреді. Әр күні бір де екі рет осылай істесе тұмаудың асқынуының алдын алып, тұмаудан айықтырады. Кейбір адамдар түшкіру үшін қағазды шиыршықтап алған соң мұрын қуысына нығап мұрынды тітіркендіру арқылы түшкіреді. Мұндай әдіс түшкіруде өнімді болғанымен, үнемі қолдануға болмайды. Бұл мұрын қуысындағы ұсақ қан тамырлардың жарылуын келтіріп шығарып, мұрын қуысын зақымдайды. Ең жақсысы шипәгердің кеңесі арқылы дұрыс түшкіру әдісін қолданған жөн.

Мамандар тағы түшкіру әдісіне иммунитетті арттыратын жүңгөша дәрілерді қосу арқылы мұрын қабыну, әсере сезімталдық ауруларды емдеудің де өнімінің көрнекті болатынын, мұнан сырт, бұл әдістің үлкен ішектің жиырылуын күшейтіп, іш қатуды емдеу өнімінің көрнекті екенін көрсетті.
+1 дауыс
Түшкіру ол адамның қорғаныш факторы. Ол шартсыз рефлекс болғандықтан, түшкірудің де орталығы мида орналасқанымен, оны адам өзі басқара алмайды. Мысалы, шаңды жерге, немесе қара бұрыш шашылған жерге барсақ адам түшкіреді, өйткені ол шаңның, қара бұрыштың тыныс жолына әрі қарай өтіп кетуіне жол бермейді, түшкіру сияқты адамда өздігінен болатын шартсыз рефлекстер көп, көзге бірдене тез жақындағанда өздігінен жұмып қалу сияқты.

Адам сосын аллергия болғанда көп түшкіреді, ол да қорғаныш факторы, тыныс жолына бөгде зат кетіп қалмау үшін түшкіру арқылы сыртқа шығарады өздегінен. Жөтелу сияқты.
+2 дауыс
Жұрттардың бәрі пайдасын жарыса жазыпты. Жалғыз зиянын айта кетейін: түшкірген кезде мидағы жасушалардың бір бөлігі жойылып кетеді екен. Ол тым аз болғандықтан өзімізге білінбейді. Яғни түшкірген сайын жадыдан кішкене бір мәліметтер өшіп отырады.

Ал пайдасы оразан зор. Қайталамай-ақ қояйын, бірақ бізге тигізетін пайдасы көп.
0 дауыс
Түшкіргенде адамның көзі ашылуы мүмкін емес. Жақсы жағы: оқыған естігенім бойынша есінегенде ауызға кірген жын-шайтан, түшкіргенде шығады екен. Алла Тағала түшкірген адамды жақсы көреді дейді.
0 дауыс
Мен күннің сәулесі қатты  түссе түшкіре беремін
0 дауыс
Түшкіру. Кей бір адамдарда әлде бір иістерден аллергия беерген сәттерде еріксіз түшкіреді. Есітуім бойынша адам түшкірген кезде рахат сезіміне бөленеді екен.
0 дауыс
Біз есінегенде жын шайтандар  ішімізге кіреді ал түшкіргенде сыртқа шығып кетеді екен  алла түшкірген адамдарды жақсы көреді екен!
...