+1 дауыс
1.4k көрілді
Мен қазір 9 сыныпта оқимын! Маған көмек керек болып жатыр!!!

8 жауап

+1 дауыс
Қандай мамандыққа жақынсың! Сол пәнге байланысты және ақшасы көп, жұмысы бар мамандықты таңдау керек. Ал мен саған дәрігер мамандығын ұсынар едім. Жұмыс бар, ақша да мол.
+1 дауыс

Мамандық таңдаудың оңай жұмыс еместігін, мамандықты темпераментке сай таңдау керектігін, тіпті, әлемдегіең қауіпті мамандық тізімін де айтып өттік. Қазір мектеп түлектері ҰБТ сынағын бітіріп, оқу орны мен мамандықтарын қызу таңдау үстінде болар. Біздің бүгінгі әңгімеміз мамандық таңдауда ойланып жүрген түлектерге ғана емес, жұмысы бар маман иелеріне де қатысты.

Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек.  толығырақ оқыңыз

+1 дауыс

Мына тесті орындап көр.

Тестке нұсқау:
Мысалға, «Сіз кез-келген жұмысты орындауға көмектесетін бір оқудан өттіңіз. Осы екі мүмкін болған жұмыстың ішінен Сіз қайсысын таңдар едіңіз?» 
1а) Жануарларға күтім жасау;
1б)Машиналар мен құрылғыларды жөндеу.
2а)Ауырып жатқан адамдарға көмектесу;
2б)Есептегіш құрылғылар үшін кестелерді, кескіндерді, бағдарламарды құрастыру.
3а)Кітаптағы суреттердің, плакаттардың, көркем ашық хаттардың және күй табақтардың сапасын тексеру;
3б)Өсімдіктердің жағдайларын, дамуын қадағалау.
4а)Материалдарды өңдеу (ағаш, металл, пластмасс және т.б);
4б)Тауарды сатып алушыға дейін жеткізу: жарнамалау, сату…
5а)Ғылыми-көпшілік кітаптар мен мақалаларды талқылау;
5б)Көркем кітаптарды талқылау (көріністерді, концерттерді талқылау).
6а)Төл жануарларды өсірумен айналысу (қандай-да болмасын текті жануарларды);
6б)Жолдастарыңызға (немесе өзіңізден кіші балаларға) белгілі бір дағдыларға үйрету және орындауға арналған жаттықтыру жұмыстарын жүргізу.
7а) Суреттердің көшірмелерін жасау (немесе музыкалық аспаптарды күйлеріне келтіру);
7б)Белгілі бір машинаны жүргізу (жүк машинасы немесе тасымал құралдары-жүк көтергіш, трактор және т.б ).
8а)Адамдарға қажетті мәліметтерді хабарлау (экскурсида, анықтама бюросында);
8б)Көрмелер мен витриналарды көркемдеу (немесе көрініс пен концерттерді ұйымдастыру жұмыстарына қатысу).
9а)Заттарды, бұйымдарды, техниканы, үйді жөндеу;
9б)Мәтін, кестелер мен суреттердегі қателіктерді іздеп, оларды түзету.
10а)Жануарларды емдеу;
10б)Есептеу жұмыстарын жүргізу.
11а)Өсімдіктердің жаңа түрлерін шығару;
11б)Жаңа өндіріс бұйымдарын құрастыру және жобалау (машиналарды, киімдерді, үйлерді және т.б).
12а)Адамдар арасындағы келіспеушіліктерді анықтау, көндіру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
12б)Кескіндер мен кестелерді талдау (тексеру, растау және т.б).
13а)Түрлі өнер үйірмелерінің жұмыстарын бақылап, зерттеу;
13б)Микробтардың өмір сүруін бақылап, зерттеу.
14а)Медициналық құрылғыларды тексеріп, оларға қызмет көрсету;
14б)Адамдардың түрлі жарақаттары кезінде көмек көрсету.
15а)Болып жатқан оқиғаларды көркем тілде суреттеу және бейнелеу (бақыланып немесе елестетіп жатқан);
15б)Бақыланып жатқан кеңістік, адамдар мен объекттер туралы нақты сипаттама-есептерді құрастыру.
16а)Ауруханада зертханалық анализдерді жасау;
16б)Ауырып жатқан адамдарды қабылдап, олармен сөйлесіп, емделу шараларын ұсыну.
17а)Бөлменің қабырғаларын немесе бұйымдардың сырттарын әсемдеу;
17б)Машиналар мен бұйымдардың құрастыру жұмыстарын жүргізу.
18а)Өзімен жасты немесе кіші жастағы балалар арасында театрға, музейге, экскурсияға және т.б жерлерге бару жұмыстарын ұйымдастыру);
18б)Сахнаға шығып, концерттерге қатысу.
19а)Кескіндер арқылы бұйымдарды жасап, үйлерді салу;
19б)Сызу жұмыстарымен айналысып, сызбаларды көшіру.
20а)Өсімдіктердің ауруларымен және бақшалар мен ормандарға зиянды жәндіктермен күресу;
20б)Жазатын машинамен, басып шығаратын және телетайп сияқты машиналармен жұмыс жасау.

Жауаптар кілті:
Мамандық типтері Сұрақтардың нөмірлері
Адам-табиғат 1а 3б 6а 10а 11а 13б 16а 20а
Адам-техника 1б 4а 7б 9а 11б 14а 17б 19а
Адам-Адам 2а 4б 6б 8а 12а 14б 16б 18а
Адам-белгілер жүйесі 2б 5а 9б 10б 12б 15а 19б 20б
Адам-көркем бейне 3а 5б 7а 8б 13а 15б 17а 18б

Тест қорытындысының интерпритациясы
«Адам-табиғат»-өсімдікті өсірумен, жануарлармен және орман шаруашылығымен байланысты барлық мамандықтар;
«Адам-техника»-барлық техникалық мамандықтар;
«Адам-адам»-адамдармен байланысы бар барлық мамандықтар;
«Адам-белгі»-есептеулермен, сандық немесе әріптік белгілермен, байланысты мамандықтар, соның ішінде музыкалық.
«Адам-көркем бейне» -барлық шығармашылықпен байланысты мамандықтар

Мына жерден алынды

0 дауыс
Техникалық мамандар тапшы елімізде.
0 дауыс
Өзіңнің қабілетіңе байланысты. Ата-анаңмен ақылдас.
0 дауыс
Ата анаңмен ақылдас ж/е әкеңнің жұмысын таңда ж/е өзіңе ұнайтын мамандықты таңда
0 дауыс
Бастысы өзіңе ұнаған мамандығыңды таңда
0 дауыс

Мамандық таңдағанда оның болашағын да ойлау керек. Себебі технология тез дамып келе жатыр, соның салдарынан бүгін керек мамандық ертең қажетсіз болуы мүмкін. Сол себепті болашағы бар саланы таңдауға кеңес беремін.

Мысалы, елімізде инженерлік мамандықтарға, дәрігерлерге, сервис қызметкерлеріне, ақпараттық технология, экология, логистика саласындағы мамандарға деген сұраныс жоғары, әрі оларға қажеттілік те күн сайын артып келеді. Болашағы бар басқа да мамандықтар туралы толық ақпаратты мына жерден оқуға болады.

Ұқсас сұрақтар

...