+1 дауыс
31.3k көрілді
Неке жүзікті қай қолға тағу керек? Ерлер қай қолға,келіншектері қай қолға тағу керек?

7 жауап

+1 дауыс
Екеуі де сол қолға..........................
0 дауыс

Мына https://surak.baribar.kz/55269/ сұрақта жазылған екен 

және

Сұрақ: Жүзікті қай қолдың қай саусағына тағуға болады? Кезкелген металлдан жасалса да жаиз ба? Екеуін тағуға болады ма? Әйел мен еркекке де бірдей ме?

Жауап: Оң қолға да, сол қолға да тағуға болады. Кіші саусаққа немесе қасындағы аты жоқ саусаққа тағылады. Дұрыс болғаны осы. Басқа саусақтарға тағылса да күнә болмайды.

Еркектер тек күміс жүзік таға алады. Салмағы 4.8 грамнан аспауы тиіс. Екі жүзік тағылса, осы салмақтан аспауы керек. Ал әйелдер алтын мен күмістен басқа жүзік таға алмайды және таққан жүзіктерін бөтен еркектерге көрсетуіне болмайды.

Әйелдерге де, еркектерге де жүзіктің тасы кезкелген тастан болса болады. мәлімет мына жерден

 

 

0 дауыс
Оң қолға төртінші саусаққа тағылады.
0 дауыс
Сол қолға төртінші саусаққа тағады.
–1 дауыс
Ұзындығы бойынша сапта екінші тұратын саусаққа тағылады)
0 дауыс
Неке жүзігін бір елдерде оң қолға, кейбір елде сол қолға таққандығымен, сақиналасатын саусақ бәріне ортақ. Махаббат белгісі - аты жоқ саусаққа кигізіледі.

Неге дәл «аты жоқ саусақ»? Осы сұрақтың төңірегінде біршама зерттеулер жүргізіп көрелік.

Адамзат тарихында осыдан 5 000 жыл бұрын пайда болған алғашқы неке жүзіктері бүгінгідей алтыннан жасалмаған. Египеттіктер оларды Ніл өзенінің жағалауында өсетін қамыстардан дайындаған көрінеді. Бастапқыда жүзікті аты жоқ саусаққа кигізген де - дәл осы египет халқы.

Сол кезде халық арасында танымал болған дәрігерлер адам ағзасы мен мүшелерінің орналасуын зерттей келе, жүрекке баратын күре тамырдың дәл осы саусақ арқылы өтетіндігі анықтаған. Махаббат пен жүрек егіз ұғым іспеттес, яғни бірінсіз бірі жоқтығын түсінген білімпаздар аты жоқ саусақты сол мәртебеге лайық көреді. Бір жағынан аты жоқ саусақ күнделікті тұрмыста жасалатын жұмыстарға қатыспағандықтан, оған кигізілген жүзік те ешкімге зиянын тигізбейді.

Антикалық «жүзіктер тілі»

Жүзіктер тілі – ежелгі Грек жерінде пайда болып, өткен ғасырдың басына дейін жігіттердің жеке өмірінің құпиясын шешуде кеңінен қолданылып келген.

Сұқ саусақтағы жүзік – жігіттің қалыңдық іздеп жүргендігін;

Ортаңғы саусақтағы жүзік – мәңгілік серігін емес, уақытша көңіл көтеретін құрбы іздеп жүргендігін;

Шынашақтағы жүзік – сүйіктісі жоқтығын және оны іздемейтіндігін;

Аты жоқ саусақтағы жүзік –египеттіктерден бастау алған дәстүр бойынша бойынша өмірлік жарының бар екендігін білдірген.

Психологиялық дәледер

Біздің қолымыздағы әрбір саусақ – отбасының немесе әулеттің әрбір мүшесінің нышанын білдіреді. Бас бармақ –ата-ана, сұқ саусақ – аға-қарындастары, ортаңғы саусақ – өзі, аты жоқ саусақ – зайыбы немесе жұбайы, шынашақ – балалары.
0 дауыс
Құдай-ау сол да сұрақ па? Ақымақтың сұрағын қоясыңдар тура нанды қалай шайнайды дегендей. Сосын мына жерде жазылыпты оны өзге ер адамдар көрмеу керек деп саусақта тұрған нәрсені қалай көрмейді мимен ойлансаңдаршы!!!
...