"Жазу үшін көп білу керек" Әрине, тіл байлығын дамытуға көп септігін тигізетін - көркем әдебиет. Мен кезінде көркем әдебиетті сүйсініп оқитынмын, қазір онша оқи қоймаймын, дегенмен, тіл байлығым нашар деңгейде деп айта алмаймын, Мектепте не үшін шығарма жазғызады?Шығарма адманың ойын нақты жеткізе білуіне көп септігін тигізеді. Шығарманы сен бір бет немесе бес алты бет жаза аласың, бірақ ішіндегі бір ғана түйін назар аудартады, немесе беделді адамдар теледидардан сөйлегенде көп сөз айтуы мүмкін, бірақ ең қажет дегені бір екі сөйлем ғана, ал кейбіреуі бір сөйлеммен бәрін айтуы мүмкін. Қорытынды: тіл байлығын дамытамын десең, тіл мәдениетін жоғарылат. Айтыс көр, газеттер оқы , кітап , қара сөздер оқы, сыпайы сөйле, сөз барысында қарапайым сөздерді мүмкіндігінше аз қолдан!