+1 дауыс
22.9k көрілді
бунақденелілер туралы қосымша мәлімет беріндерш. Интернеттен да емес, кітаптан да емес. ерекше бір мәлімет мысалы аралар туралы шегірткенін бір түріне сипаттама немесе тағы басқа өтінем жауап беріндерш

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Жалпы рефератқа сілтеме алғыңыз келсе, міне: СІЛТЕМЕ!

 

Бунақденелілер - буынаяқтылар типіне жататын көпжасушалы, омыртқасыз жәндіктер класы. Бұлар - ғаламшардың кез келген түкпірінде таралған жануарлардың ең үлкен тобы. Оны жануарлардың әртүрлі тобындағы түрлердің салыстырмалы мөлшерінен айқын байқауға болады. Олардың 700000 (миллионға жуық) түрлері бар деп есептеледі. Бунақденелілер класы негізгі екі класс тармағына жіктелген еді. Олар туақанатсыздар және қанаттылар класс тармағы деп аталады. Бунақденелілер класында 35 отряд бар.

Мазмұны

  [жасыру] 

1 Буынаяқтылардан негізгі ерекшелігі
2 Бунақденелілердің дамуы және пайда-зияны
3 Дереккөздер
4 Сілтемелер

Буынаяқтылардан негізгі ерекшелігі[өңдеу]

Бұлардың басқа буынаяқтылардан негізгі ерекшелігі - денесі айқын үш бөліктен құралады. Олар: бас, көкірек және құрсақ бөлімдері деп аталады. Бунақденелілердің барлығы 6 аяқты. Басым бөлігінде қанаттары болады. Дене бөлімдері - алуан түрлі қызмет атқарады. Екі мұртша, күрделі және жай құрылысты көздер мен көзшелер баста орналасады. Көкірек бөлігіне қимыл-қозғалыс қызметін атқаратын аяқтар мен қанаттар орнығады. Көбею мүшелері құрсағында болады. Бунақденелілер демтүтік(трахея) арқылы тыныс алады.

Бунақденелілерге қоңыздар, шыбындар, масалар, көбелектер, баларалар, құмырсқалар, инеліктер жатады. Бұлар жер бетінде жорғалап, ауада ұшып жүріп тіршілік етеді. Кейбіреулері - суаршын, суқандала, сушалқақ, зуламат суда өмір сүреді. Адам мен жануарларда паразиттік жолмен тіршілік ететін бүрге, бит, қандала және топырақ астында тіршілік ететін бұзаубас түрлері бар.

Бунақденелілердің ауыз мүшелерінің құрылымы да сан түрлі. Мысалы: сүзіп жалаушы (шыбын); шаншыл-сорушы (маса, орман қандаласы ) ; кеміруші (тарақан, қоңыздар); кеміріп-жалаушы (балара); түтік тәрізді ауызбен сорушы (көбелек).[1]

Бунақденелілердің дамуы және пайда-зияны[өңдеу]

Бунақденелілердің дамуы үш түрлі жолмен өтеді. Олар: тура даму (қанатсыз бунақденелілер; шала түрленіп даму (инелік, дәуіт, шегіртке, бұзаубас, бит, қандала, т. б.) және толық түрленіп даму (қоңыздар, көбелектер, бүргелер, шыбындар, масалар, шаншарлар, құмырсқалар, баларалар, т. б.).

Тура даму дегеніміз - ұрықтанған жұмыртқадан тікелей ересек бунақденеге ұқсас жас жәндіктердің шығуы. Олардың тек денесі өседі және жыныстық жағынан ғана толысып дамиды.

Дамудың сызбанұсқасын былай кескіндей аламыз: тура даму: жұмыртқа —> имаго; шала түрленіп даму: жұмыртқа —> дернәсіл —>

толық түрленіп даму: жұмыртқа дернәсіл —> қуыршақ —> имаго.

Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы имаго деп аталады.

Имаго (лат. имаго - ересек жәндік). Бунақденелілерді зерттейтін ғылым энтомология (гр. ентома+логос - бунақдене + ғылым). Ол - зоология ғылымының бір саласы. Бунақденелілер табиғатта және адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Егер олар өсімдіктерді тозаңдандырмаса, табиғат аясынан сан құбылып, көздің жауын алатын түрлі өсімдіктерді кездестіре алар ма едік? Топырақтан ің қазып (көңқоңыз), оны қопсыту арқылы топырақ түзуге қатысатын бунақденелілердің пайдасы өте зор. Көптеген бунақденелілер (қанқыз,құмырсқа, шаншар, т. б.) ауыл шаруашылығына зиян келтіретін сан алуан зиянкестерді жояды. Баларалар адамға бал және балауыз береді, өсімдіктерді тозаңдандырады. Жібек көбелектері жібек алу үшін өсіріледі. Бунақденелілер далада және орманда қалған жануарлардың өлексесі мен өсімдіктің шірінділерімен қоректенеді. Кейбір елдерде бунақденелілерді (шегірткені) тағам ретінде пайдаланды. Табиғатта тіршілік ететін зиянды бунақденелілер де баршылық.

Шегіртке

Көптеген бунақденелілер (бүйі, қарақұрт, құршаян, кене, т. б.) улылығымен, паразиттік тіршілігімен, ауру таратқыштығымен, омыртқалы жануарға және адамға зиянды. Паразит бунақденелілер (маса, қандала, бүрге, бит, тарақан, т. б.) көптеген қауіпті ауруларды таратып, адамдарға зиянын тигізеді. Ауыл шаруашылығына өте қауіпті бунақденелілердің бірегейі - азиялық шегіртке. Жәндіктердің санына және шоғырлануына байланысты шегірткелердің үйірлі және саяқ түрлері болады. Үйірлі шегірткелер дернәсілдердің тығыз топтасуынан - жаушоғыл (кулига), ересектерінің жинақталуынан үйір түзеді. Сөйтіп бұлар бір жерден екінші жерге топтасып көшелі. Саяқ шегірткелер мекенінен ұзақ ұшпайды - көшпенді емес. Азиялық шегіртке (көкқасқа шегіртке) – өте қауіпті, зиянкес жәндік. Көкқасқа шегірткенің аналығынан бір жазда өрбіген ұрпақтары екі қойды тойындыратын азықты жояды. Ал олардың жаушоғылдары мен үйірлері 1 - 2 сағатта жүздеген, тіпті мыңдаған гектар егістікті тып-типыл етеді.

Жаушоғыл түзетін қанатсыз дернәсілдер жаяу шегіртке деп аталады. Жаяу шегірткелерден құралған жаушоғыл жолында кездескен өсімдік атаулыны жайпайды. Сөйтіп бір жерден екінші жерге көшелі. Бунақденелілер буынаяқтылардың түрді ең көп қамтыған үлкен класы. бұлар суда, құрлықта, ауада өмір сүрелі. Олардың 6 аяғы бар. Денесі айқын үш бөлікке: бас, көкірек және құрсаққа бөлінетіндіктен, бунақдене деп аталған. Өзге жәндіктерден айырмашылығы - бір немесе екі жұп қанаттары бар. Сондықтан ұша алады. Қанатсыз бунақдене де кездеседі. Бұлшықет жүйесі - күрделі. Жүйке жүйесі жоғары деңгейде дамыған. Жұтқыншақ үсті жүйке жасушасының түйіні - ми. Мидың үш бөлігі бар. Олар: алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден құралады. Жұтқыншақ асты түйіні мен құрсақ жүйке тізбегі екі жұп түйін - ганглий (гр. ганглион - бұдырмақ, ісік) түзеді.

Сезім мүшелері жақсы жетілген. Күрделі және жай құрылысты көзі бар. Қантарату жүйесі - ашық жүйе. Ас қорыту жүйесі ауыздан басталады. Ауыз мүшесінің құрылысы сан алуан. Бунақденелілердің демтүтікті жүйесі жақсы жетілген. Демтүтіктер дененің екі қапталындағы 10 жұп тыныс алатын тесіктер - демтесіктер арқылы сыртқа ашылады. Бунақденелілер демтүтіктің жәрдемімен тыныс алады.

Зәр шығару мүшесі - ішекке ашылатын өте жіңішке түтікшелер - мальпиги түтікшелері. Бунақденелілер үш түрлі жолмен дамиды. Олар дара жынысты.

Даму түрлері: тура даму (жұмыртқа имаго), шала түрленіп даму (жұмыртқа дернәсіл —> имаго), толық түрленіп даму (жұмыртқа —> дернәсіл —> қуыршақ —> имаго).[1]

 

...