0 дауыс
Ажар Түзелбекованың Сағындым сені әнінің сөзі керек болып тұр. Кімде бар?
25.01.2015 1.6k қаралым

1 жауап

+1 дауыс
Ажар Түзелбекованың „Сағындым сені” әні.

1.Айдынға аққу-қаз оралды, сағындым сені
Жайнады дүние, жаңарды, сағындым сені
Жаз өтті, жапырақ тоналды, сағындым сені
Ақ қайың ақ мамық оранды, сағындым сені

Қ-сы:
Күн батты, таң атты тағы да
Ем таппай жаралы жаныма
Жоғыңа сенбестен қарайлаймын жолыңа
Сен едің ертегі аралым
Дертімнің таба алмай амалын
Таусылып ішімнен барамын-ау, қарағым

2.Ақ қайың арылды ақ қардан, сағындым сені
Сандуғаш сайрады бақтардан, сағындым сені
Елесің жоқ болған тәтті арман, сағындым сені
Келесің, жаным, қай жақтардан, сағындым сені
25.01.2015
127,960Сұрақ
322,892Жауап
153,169Пікір
73,013Қолданушы