+1 дауыс
362 көрілді
Мен бала тәрбиесі туралы интернет журнал ашқым келеді, сол арқылы оқырман жинап, жарнама арқылы табыс тапқым келеді,қазір қарасам блог деген де бар, оны тегін ашып аласың, сонда сайтты не үшін ашу керек? Серьезный интернет журнал болу үшін сайт болу керек пе әлде блог та бола бере ме оған? Блог біраз уақыттан соң өзінен өзі жабылып қалмайды ма? Қаншама уақытыңды салып ақша таба бастаған кезде ол жабылып қалса ше деп қорқам. Блогты аккредитациядан қалай өткізеді,сайт жұмысы үшін жеке кәсіпкер ретінде мемлекетке салық төлеу керек бола ма? Сайтты ашуға ақшасын беріп, тапсырыс жасайын деп жүр едім, мүмкін блог ашып алсам қалай болады? Білетіндер болса кеңес беріңіздерші, өте қажет.

5 жауап

0 дауыс

Не нәрсені үйренсең де ықпыл-жықпылын білетін өз ана тіліңде үйренгенге жетпейді ғой. «Сайтты қалай жасаймын?» деп алдымен қазақ тілінде ғаламтордан іздеп көрдім. Іліп алатын ештеңе таппадым. (Мендегі жағдай көптің де басынан өтті деп ойлаймын) Қазақ ғаламтор әлемінің дамымағандығы қатты қынжылтады. Интернетке кіріп, іздеген сұрағыңды тек орыс тілінен табасың. Қазақша айдалаға лағып кеткен тақырыптар шығады. Бұл – елдің ғаламтор туралы білімінің жоқтығының кесірі.

    Біздің кезімізде, 90-ыншы жылдары ЭЕМ-кабинетіне кіріп, сабақ оқымақ түгілі, компьютерлерді ұстап көру арман болатын. Кәсіби маманның жоқ болғандығынан ба, әйтеуір «Бұзып тастайсыңдар!» деп, кабинетке тіпті ЭЕМ сабағын өтпек түгілі кіргізбейтін де. Қазір заман өзгерді, техника жыл санап дамуда. Енді міне біздің қазақ та көштің соңынан ақырындап ілесуде. Ғаламторды пайдаланып үйренген соң, кім болса да ақпараттың жылдам тарауын немесе өз қажеттілігі мен жеке бизнесін дамытуды ойлай бастайды. Ғаламторға кіреді де, казақша тереді, жартымды мағлұмат таппайды.

    «Сайтты қалай жасаймын?» деген тақырыпты қозғауымның себебін енді түсінген боларсыз. Мен кәсіби маман емеспін. Дегенмен ғаламтор әлемінен үйренгенімді көппен бөлісуге дайынмын!

   Алдымен сайт деген не, блог деген не, ажыратып алайық. Құрылымы жағынан екеуі де бірдей деуге болады. Айырмашылығы – мазмұнында. Блогты жеке адамның өз пікірі мен ойын көпшілікпен бөлісетін ғаламтордағы күнделігі деуге болады. Блог – белгілі бір адамның шығармашылық жұмысының нәтижесі.  Ал сайтты бірнеше адам біріге отырып жасайды немесе керісінше жалғыз адам болуы мүмкін. Сайт арқылы белгілі бір бизнес түрін өркендетеді және үлкен сайттардың ішіне бірнеше блогтар кіріктіріледі.  Сайт жасау жеке бизнесіңізді оңтайлы әрі жылдам дамытудың көзі болып саналады. Көпшілікпен қарым-қатынас жасауға арналған, комментарийлер, форумдар екеуінде де болады. Әсіресе блог онсыз бола алмайды. Блог жасаушылар өзіне көп адам жинағанға құмар келеді. Оның пайдасын блогына жарнаманың құнын қымбаттатқаннан көреді.

    Жоғарыда айтып өткендей сайттың ішінде бірнеше блогтар бола береді, ал блогтың ішінде бірде-бір сайт бола алмайды. Осыны ескерсеңіз блог пен сайттың құрылымындағы өзгешелікті байқайсыз. Енді сайт ашып тастамас бұрын оның атын (домен) таңдаймыз, сосын оның ғаламторда тұратын орнын (хостинг) таңдаймыз. Домен мен хостинг мәселесі өз алдына бөлек тақырып. Сонымен блог ашасыз ба, әлде сайт ашасыз ба таңдау өзіңізде! мәлімет

және https://surak.baribar.kz/35165/ мына сұрақтағы жауапты оқып көр

0 дауыс
Сайт - ол сайт, блог - сайттың бір түрі. Мысалы, визитка, интернет-дүкен, ақпараттық портал, әл. желі, жарнама сайты, блог т.с.с. сайт түрлері кете береді
0 дауыс
Сайт - ақпарат таратасың, видео, сурет саласың.Блог - сайттың бір бөлшегі.
0 дауыс
Сайт пен блогты айыра алмасаңыз сізге әлі де оқып білу қажет. Сайт ең негізгі құрылым, блог соның бөлшегі, сосын сіз жарнаманы ойлап отырсыз, пайда табу мақсатын көздейсіз. Бұған жылдап еңбек ету қажет, бірден бола қоймайды ескертіп жатқаным... Әуелі ісіңіздің алға басуы мен контентті ойланыңыз, сайтыңыңзға адам тарту, қызықтыра білу т.б, ал табыс кейін пайда болады. Бастысы еңбек пен шыдамдылық...Сәттілік!
0 дауыс
Достар, жауаптарыңызға көп рахмет. Тұшымды жауап алдым. Ендігісі аккредитация жайы. Мысалы, кез-келген газет, журнал шығардың алдында ресми түрде тіркеледі, мемлекетке салық төлеуі тиіс, әкімдіктен аккридитациядан өтеді, аккредитациядан өткесін газетті не журналды баспасөз хатшысы үнемі байланыста болып, болып жатқан жаңалықтарға шақырып отырады. Осы туралы білетіндеріңіз болса анығырақ айтып берсеңіздер екен...
...