Бүгінгінің басты мәселесі – баспаналы болу. Мемлекет осыған қатысты көп азаматтарға жеңілдіктер қарастырған. Мұны біреу білсе, біреу білмей жатады. Сонымен, мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрғын үйді кімдер ала алады? Кезекке қалай тұруға болады? Жауабын іздеп көрдік.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кім үміткер бола алады?
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері және қатысушылары;
- Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, кәмелет жасына толмай ата-анасынан айрылған 23 жасқа дейінгі азаматтар;
- Мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымдар қызметкерлері, әскери қызметкерлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер;
- ҚР Заңы бойынша жалғыз тұрғылықты мекенінің апатты жағдай екендігі жайлы сот үкімі шыққан азаматтар;
- Халықтың әлеуметтік әлсіз топтары тұрғын үй кезегіне тұра алады.
2
Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына кімдер жатады?
- І және ІІ топтағы мүгедектер (өзіне қастандық жасау арқылы мүгедек атанғандар бұл тізімге кірмейді);
- Мүгедек баласы бар отбасылар;
- Кейбір асқынған аурулары бар азаматтар (тізімді мына сілтемеден көре аласыз);
- Зейнеткерлер;
- Оралмандар;
- Көпбалалы отбасылар;
- Экологиялық апаттар, табиғи төтенше жағдайлар және техногендік факторлар әсерінен тұрғылықты мекенінен айрылған азаматтар;
- Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттемелерін атқару барысында немесе адам өмірін сақтау кезінде қайтыс болған әсери қызметкерлердің отбасына;
- Толық емес отбасылар аталған топқа жатқызылады және кезекке тұру мүмкіндігіне ие.
Сондай-ақ төмендегі жағдайлар бойынша да баспана алуға болады.
- Тұрып жатқан баспанасы белгіленген санитарлық және техникалық талаптарға жауап бермеген отбасыларға;
- Біріккен оқшауланбаған тұрғын бөлмелерде екі және одан да артық отбасы тұрса;
- Сіздің отбасыңызда кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарымен ауыратын науқастар болса (ҚР Үкіметінде бекітілген аурулардың тізімі бойынша), онда бір бөлмеде (пәтерде) бірге тұру мүмкін емес.
- Егер жоғарыда келтірілген санаттардың біріне кіретін болсаңыз, тұрғын үй кезегіне тұра аласыз. Оған egov.kz порталы арқылы онлайн сұрау жібересіз.
Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.