0 дауыс
3.4k көрілді

Бізге белгілі қыс келісімен балалар қар жаууын асыға күтеді. Әрине бұның себебі бар. Ол да болса ақшақар, аққала  жасау. Бұл қай елден басталған яғни төркіні қай ел? Дүниеде жасалған ең үлкен және ең кіші ақшақар, аққала  қайсы? Өміріңізде ақшақар, аққала  жасап көрдіңдер ма?
Қар баба деген не?
Суреттегі.......
Белгісіз
Ақшақар, аққала емес па?
Бізде солай дейді. Олай болса сұрағымды жөндеп жіберің өтініш. Мен жөндей алмай отырмын.
Белгісіз
Айтпақшы, 2015-тің аққаласын жасадыңыз ба?
Белгісіз
Қар баба дегенді естіп отырғаным, қызық екен, сосын қар болса жасайсың, қар болмаса несін жасайсың

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Ел аузындағы аңыздарға нанар болсақ, ХV ғасырдың аяғында, шамамен 1493 жылы итальяндық мүсінші, сәулетші, ақын Микеланджело Буонарроти ең алғаш болып қардан мүсін соққан екен. Ал аққала туралы жазба деректер XVIII ғасырда жарық көрген кітаптарда ұшырасады. Онда алып пішінді «әдемі аққалалар» туралы айтылады.

«Schneeman» («аққала») сөзі ең алғаш рет неміс тілінде пайда болған. Бір қызығы, алғашында аққалалар қорқыныш пен үрейдің нышаны болған деседі. Адамдар аққалаларды ұсқынсыз, қорқынышты етіп соғып, қыс мезгілінің адамдар үшін қауіпті екендігін жеткізгісі келген.

ХІХ ғасырда ғана аққалалар қыс пен Жаңа жылдың «мейірімді» нышанына айнала бастады. Махаббатпен жасалған күлімдеп тұрған қар мүсіндері -  құттықтау қағаздары мен көше жарнамаларында жиі бейнеленетін болды да, үлкен танымалдылыққа ие болды. толығырақ

...