+3 дауыс
12.5k көрілді
Қасқырлар туралы мәлімет керек?
Интернетте толып тұр. Сізге әзілкештің жауабынан артық ештеңе керек емес. Яндекстен "Қасқыр" деп іздесеңіз қалған мәліметтерді толық таба аласыз.

6 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Жігіттер қауымының көпшілігі қасқырлар туралы жазбаларды сүйіп оқитындығын білеміз. Қасқырдың өжеттігі мен батылдығы ерлерді қызықтыратыны хақ. Осыны ескеріп, массагеттіктерге осы сүтқоректілер туралы қызықты деген ақпараттарды ұсынамыз.

Ауа-райы жайлы болса, қасқырлар орман ішінде 9 км жердегі дыбысты ести алады. Ал ашық далада 16 км қашықтықтағы дыбысты құлағы сезеді.
Қасқырдың ежелгі суреттері Еуропаның оңтүстігіндегі үңгірлерден табылған. Суреттердің жасы - 20 000 жыл.
Қасқырды үй күзетуге мәжбүрлеу мүмкін емес. Себебі олар таныс емес тіршілк иесінен қорқып, жасырынып жүретін болады.
Қасқыр 200 миллион иісті сезеді. Адам 5 млн-ге жуық иісті ажырата алатындығын айта кетелік.
Қасқырлар тірі жануардың иісін 1,5 шақырымнан анық сезе алады.
Қасқырдың бөлтірігінің көздері жаңа туған кезде көк түсті болады. Тек 8 айдан соң ғана көздері сарғыш тартады.
Қасқыр күшіктерін 65 күнде туады. Бөлтіріктер соқыр, саңырау болып туылады. Ал салмағы небары жарты килограмм болады.
Ежелгі замандарда жер бетіндегі ең көп таралған жыртқыш сүтқоректі осы қасқырлар болатын. Олар шөл далалар мен тропикалық ормандарды мекен етті.
Қасқырдың жағы өте күшті болады. Тістеген жерінің 1 шаршы сантиметріне шамамен 300 кг күш түседі. Салыстыру үшін айтсақ, иттерде бұл көрсеткіш 150 кг.
1600 жылы солтүстік Америкада қасқырлардың саны 2 миллион болған еді. Қазіргі таңда олардың саны бар-жоғы 65 000.
Аш қасқыр бір жегенде 10 кг ет жей алады. Салыстыру үшін айтсақ, бұл 100 гамбургермен пара-пар.
Қасқырлар осыдан 35 миллион жыл бұрын өмір сүрген «Mesocyon» атты жануардан пайда болған. Бұл жануарлардың аяқтары қысқа, кеуделері ұзын еді.
Қасқырлар бір жүзгенде, 13 километрге дейін шаршамай жүзе алады.
1883-1918 жылдар аралығында АҚШ-тағы Монтано штатының өзінде 80 мың қасқыр атылды.
Қасқырлар 2 минут бойы 32 км/сағ жылдамдықпен жүгіре алады. Ал қауіп сезінген жағдайда, 56 км/сағ жылдамдықты да бағындыра алады.
Ер азығы мен бөрі азығы жолында...
0 дауыс

Қасқыр (лат. Canis lupus) — жыртқыш аң.

Басқа атаулары да белгілі: бөрі, бері.
Еркек қасқыр шамамен 50 килограмм болады, ал ұрғашысы 45 кг болады. Тұрғылықты жері жердің солтүстік жарты шеңберінде өмір сүреді.

Толығырақ...

 

 

0 дауыс
Қасқыр еркіндікті жақсы көретін аң. Оны қолға үйрету қиынның қиыны. Қасқыр қақтығыстан қайтпайды. Не жеңеді, не өледі. Әйтеуір аяғына дейін жеткізеді. Ол тек қана балғын, жаңа етпен қоректенеді. Өлексені татып алмайды. Сонымен қатар, ол өзінің маңдай терімен ұстаған олжасын ғана жейді.
0 дауыс
Қасқыр қойға тигенде бауыздайдыда тұмсығын жерге батырып кетеді,қайта айналып келіп өзі жеу үшін, Сосын әр қасқврдың өз шекарасы болады,
0 дауыс
Қасқырлар қай жжерде өмір сүреді
0 дауыс
Интернетте барлығы жазылып тұр ғой.
Бұған жазғанша, гуглға қасқыр туралы мәлімет деп жаза салмадыңыз ба?
...