0 дауыс
2.2k көрілді
Құрметті достар! Мен сіздерге қызық сұрақ ойларңыз қандай деп қойғанмын. Сол кезде мен бір қызды жақсы көретінімді айтқанмын. Енді сол қызды қызғана бастадым. Ол қыз демалыс күннен басқа күндері жанымда жүреді(оқу орында). Сол қызға жақсы көретінімді ақырын-ақырын білдіртіп қоямын. Енді сұрақ: мен сол қызды қалай өзіме ғашық қылдырамын? Көп өтініш жасайды қарым-қатынас жақсы. Өтініштерін орындаймын. Сол қызды жақсы көретінімді сездірте алғанымды және оның ұнайсың деген көзқарасын қалай білсем екен? Ол қыз әдемі, әрі қабақ шытқан кезі жоқ. Өмірі жайдары. Қабақ тыржитқан кезі де жоқ. Енді сол қызды біреу қағып кетпей тұрғанда ақыл берсеңіздер екен. Жақсы жағдай: ол қыздың анасы менің мамама қызымды аласызғой депті. Енді жауаптарыңыз!!!!!!!!

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Таныс жағдай. :)) Тағы да төсекке атын жазып қоймадың ба? :))

Анасы айтса қыздың өзінен де сыр тартып байқаған болар. Үлкен кісілер әрдайым бір -бірімен сыр бөліседі, аналар сондай. Асықпасаң, үйіне жиі барып, жақын досқа айналсаң, 24 сағаттың кем дегенде +16 сағатын  сол қызбен өткізіп, көңілін аулап, есінен кетпестей шақтарды өткізіп, жан досы (тіпті одан да артық) бола білсең, міне - арманыңа жеткенің.

Бірінші үйіне жиі келетініңді, жақын достар екендеріңді оның анасы байқай бастаса "күйеу бала" деп қалжыңдай бастайды. "Шешесіне қарап, қызын ал" деген, анасы келіссе, қызының ойынан хабар бергені. Қыздың құрдасы, мұңдасы, сырласы да - анасы, анасы не десе қызы көбінесе соның ойына жүгінеді. 

Қысқасы қызға көбірек уақыт бөл. Сосын ол есінен ешқашан шығармайтындай істер жаса. Велосипедпен бірге қыдыру деп мысал келтіре аламын. :))

0 дауыс
Қиялға алданбаңдаршы. Кейде ғашық болу үшін 0.12 долисекундта жетіп жатыр, ал кейде ғашық болу үшін ғасырларда жеткіліксіз.
Сізбен келіспеймін.
ғасырлар өмір сүретін адам барма?
Тікелей мағына да емес, ауыспалы мағына.
Онда білмедім :-) мен қызға тізерлеп жалбарынып, соңынан қалмайтын подкаблук емеспін ;-)
қызға тізерлеп,жалбарынып,артынан қалмай жүрмін демеді ғой және сондай жағдай болса да,подкаблук болып қалмайды.сүйген қызы үшін добиваться ете білу керек)
+1 дауыс
Әрекетке карай берекети болар, әрекет жасау керек ко...... ТЕЗ-ТЕЗ, ӘРІ ЖЫЛДАМ))))))
Әрекет жасап жатырмын.
+1 дауыс
осы уақытқа дейін сізге ғашық болмаса, ендігі сіздің медвежий әрекеттеріңіз жүйкеге тиюі мүмкін.

бірақ жақсы жаңалық)) ол мамасына айтса, демек реакция бар. Тек ол өз сезімін жасыра біледі. Бір батыл қадам жасап көріңіз. Егер жауабы жағымды болса, құттықтаймын ;) Ал егер жауабы теріс болса, онда басқа да жақсы қыздар бар ...
Аса да уақыт өтті деп айта алмаймын. Сол ғашық па маған соны қалай білсем деген ой
қызғандырып көріңіз. егер жақсы көрсе, міндетті түрде эмоциясын білдіреді)
ал егер сіздің қызғандыру әрекетіне мүлдем бейтарап қараса, онда сізге әлі де жұмыс жасау керек.
+1 дауыс
Бірге киноға барайық
Тамаша ауа райында (негізі жаңбырлы болса одан жықсы) сүйіктіңізге арнап 1-2 махаббат және романтикалық фильм алыңыз. Үйде барлығын дайындап (бір орын екі адамға, поп-корн және т.б), үйде кинотеатр ұйымдастырыңыз... Жүрек конфеттермен
Сүйіктіңізге хат жазыңыз, барынша жүрегіңізді сол хатқа салуыңызға тырысыңыз. Жүрек мүсініді майда конфеттер сатып алыңыз да, сол хат қорабына салыңыз. Ол хатты ашқанда майда жүрекшелер шашылып кететіндей етіңіз... Ұрланған роза
Роза немесе кез-келген қызыңызға ұнайтын гүлді алдын-ала сатып алыңыз да, сатушымен келісіп алыңыз: сіз кез келген уақытта келіп, сол гүлді алып кететіңіз жайлы. Бірге серуендеп жүргенде, сол гүлді жұлып алғандай етіп, сүйіктіңізге сыйлаңыз... Жай ғана "СЕНІ СҮЙЕМІН"
Әбден шаршаған әдісті жандандырудың сізге пайдасы зор. Үйреніп қалған открыткалар әр маңызды оқығада беріледі. Открыткалар әрине орынды, бірақ олардың да шегі бар! Сіз басқаша істеуге тырысыңыз: өз қолыңызбен открытка жасап, маңызды күнге байланысты емес, жай ғана сені сүйетіндігін білдіру үшін сый етіңіз! Сүйіктіңізге ұнау керек! Кітаптағы кішкене жұмбақ
Сүйгеніңіз сүйіп оқитын кітапты білесіз бе? Сол кітаптың ішідегі бір бетінің басынан бастап (жақын арада оқытын бетке) сізге керек әріптерді бояп тастаңыз, сізге керек әріптер сіздің хабарламаңызды құрауы тиіс. Мысал ретінде “Мен сені сүйемін! (соңына есіміңіз)”. Сүйіктіңізге ұнау керек! Түскі кішкентай романтикалық кеш
Қызық және орынсыз қылықтар да өз пайдасын тигізеді. Мысал ретінде, сіз студентсіз және қарапайым асханада сүіктіңізбен ас ішесіз, олай болса шам сатып алып стол ортасына қойыңыз! Бұл ісіңіз ешкемге ұнамауы мүмкін, бірақ кепіл берем, сүйіктіңізге ұнау керек!
+1 дауыс
барынша оган жакын бол жане коп сыйлык бер онын корганышы бол
+1 дауыс
Бір оқу орнында оқысаңдар бір-бірлеріңді жақсы танисыңдар деп ойлаймын.Саған бекерге уақыт созудың керегі жоқ.Жақын арада сөз салудың жоспарын құр.Өзіме толық қаратып алып,сосын сөз берем деп жүріп,кеш қаласың.Тілімді ал)))
+1 дауыс
Менiңше сендер жүрiп жатқан жоқсыңдар, одан алғашқы қадамды күтпе. Жолығып жүруге предложения жаса егер сенi ұнатса келiседi, келiспесе айнаға өкпелеме. Көнбесе ары қарай ойлана берудiң қажетi жоқ, өйткенi кеше ғана танысқан жоқсыңдар сендер. Ғашықтық, қызғанышқа әлi ерте, өйткенi арада ештеңе болмаған, оны құшақтапта көрмегенсiң. Ол сенi ұнататынын н/е ұнатпайтынын бiлмей тұрып, ғашықты жәйлi ойланудың керегi жоқ...
...