Бұл жерде үлкен ойын жүріп жатқан сияқты. 80-ші жылдары да осындай мұнайдың құлдырауы болған екен. АҚШ пен Арабия КСРО-ны жазалау үшін мұнайдың бағасын түсірген екен. Нәтижесінде өздеріне соның ішінде Арабия қатты шығынға батқан екен. Қазір АҚШ мұнай өндіруді арттырып жатыр, ол жөнінен Арабияны артта қалдыруы мүмкін. Неғұрлым көп өндірген сайын соғұрлым арзандатуы мүмкін. Бір жағынан мен де жоғалтып жатырмын бірақ оның жоғалтқаны одан да көп деген ойын сияқты. Бәрі сол Ресейдің Донбас пен Қырымды(Украина) тартып алуынан басталды ғой. Бұның ақыры біреуіне қатты батқанда тұрақталуы мүмкін. Пайдасын мұнайды көп тұтынатын елдер көретін шығар. Ал бізге бәрібір сияқты, бәрі кері кеткен. Мұнай қымбаттаса да арзандаса да бензиннің бағасы керісінше көтерілмесе бір түспейді.