+2 дауыс
Штрудель қалай жасалады?
24.01.2015 1.8k қаралым

4 жауап

+2 дауыс
Ұн,май,су,(жұмыртқа қосуға да болады). Сосын,штрудельдің ішіне қосатын начинкалары да әртүрлі болады. Мысалы,творог,алма,т.б. Нанды илейсіз,сосын жұқа қылып жаясыз,нанға начинкаңызды қосасыз,сосын орайсыз (рулет сияқты),орағанда әр орамға май жағып отырасыз. Орап болған соң пісіресіз. 20-25мин,200-220градуста пісіресіз. Начинкасын қалай жасаймын десеңіз,алманың начинкасы: Алманың қабығын ашып,алманы турайсыз. Сосын оған қант,корица қосасыз да араластырып,жайылған және май жағылған нанға салып,орайсыз.
24.01.2015
Мынау кәдімгі орама (рулет) қой ))
аха,орама секілді)
0 дауыс

Штрудель

Құрамы
500 г фарш
500-700 г картошка
150 г пияз
тұз
бұрыш
өсімдік майы

Қамырына:

100 мл айран
1 жұмыртқа
1 ч.қ. қопсытқыш (разрыхлитель) (немес 0,5 ч.қ. соды)
200-250 г ұн
тұз

Дайындалуы
1. Жұмыртқа мен айранды араластырамыз.
2. Қопсытқышты. тұз, ұн барлығын қосып қамырды илейміз
Қамырды орамалмен жауып, жылы жерге 1 сағатқа қоямыз.
3. Фаршты тұздап, бұрышын салып араластырамыз.
4. Қамырды жаямыз.
5. Жайылған қамырымызға фаршты саламыз.
6. Фарш салынған қамырымызды орама қылып ораймыз.
7. Ораманы 2-3 см қылып кесеміз. 15 минутқа қоя тұрамыз.
8. Пиязды ұсақтап тураймыз..
9.Картопты тазалап, ірілеу қылып тураймыз.
10. Терең кастрюлге май құйып, пиязды қуырамыз.
11 . Пияздың үстіне картоп саламыз, оның үстіне су құямыз. Су картопты жауып тұратындай болу керек. Қайнатамыз.
12. Картоптың үстіне штрудельді саламыз.
Баяу отта 40-50 минутта дайындаймыз..
Астарыңыз дәмді болсын!

24.01.2015
Көшіріп жазғанша, сілтемесін көрсете салмадың ба? )) "Показать полностью" деген жазу жүр ғой ))
Вк аман болсын дейміз ғо)
Гугл көке аман болсын деп қоямыз арасында ))
+1 дауыс
Мына сайтта рецептілердің неше атасын табуға болады. Мысалы, штрудель http://epovar.kz/search?q=%D1%88%D1%82%D1%80%D1%83%D0%B4%D0%B5%D0%BB%D1%8C
24.01.2015
0 дауыс

Алма қосылған штрудель

http://www.gourmania.kz/2014/12/blog-post.html

30.01.2015

Ұқсас сұрақтар

127,965Сұрақ
322,906Жауап
153,169Пікір
73,033Қолданушы