0 дауыс
23.1k көрілді
Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» романындағы Демежан бейнесі

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Шығарманың басты кейіпкері – Демежан. Романның сюжеттік-композициялық тұтастығын дәнекерлеп тұрған негізгі арна да – Демежан, сонымен бірге оның қиянатшыл, әділетсіз Маншың өкіметінің зорлығына қарсы күресі. Демежан төңкеріс жасап, көтеріліске шықпаса да, әділетсіздікпен күресудің өзге амалын таңдаған. Ол халқының ауыз-бірлігін, елдігін сақтап қалу жолында тер төгеді. Шығармадағы Демежан характерінің қалыптасуын көрсететін әлеуметтік даулар толып жатыр. Солардың қай-қайсысы болмасын Демежан образын толықтыра түседі. Мысалы, Демежанның аймақтың әміршісі Ши-амбыдан жер, су сұрауы, шегараны бөлу комиссиясының мүшесі ретінде ел ішіндегі қоғамдық мәселелерге араласуы, Ли-шансыңмен қарым-қатынасы, халдайлармен арадағы қақтығысы т.б. толып жатқан сюжеттік желілер романның композициялық бітімін құрайды. Шығармадағы оқиғалар желісі Демежан төңірегінде өрбіп отырады. Жазушы орталық кейіпкер ретінде Демежанды бейнелей отырып, ол өмір сүріп отырған қоғамның, әлеуметтік ортаның шындығын көрсетуге тырысқан. Қабдеш Жұмаділовтың шығармашылығы туралы ғалым Шерияздан Елеукенов былай дейді: «Автордың мәселе қоюдағы бірер ерекшелігін айта кету артық болмас деймін. Ол қазақ қауымының отаршылдық езгіге түскеннен кейінгі жерде адамдардың ішкі жан сарайындағы өзгерістерді зерттеуге деген құштарлығы дер едім. Роман қазақы мінездегі сол өзгерістерге тоқталғанда ерекше шұқшиятын кемістігі – бірсыпырамызға тән әрекетсіздігіміз». ماقالانىڭ كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.com/koru_kk.php?id=357461#ixzz3PotUf42q ەل-ارنا كەسكىندەر ايماعى: http://www.elarna.com/video.php
...