+3 дауыс
9.8k көрілді
Кітап оқу расымен пайдалы ма?

10 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Кітап оқығанның пайдасы зор. Сөздің қорың артады. Кітапта қай сөз көп қайталанады - сол сөзді өмірде қолдану ықтималдығы жоғары болады. Білімің артады, түсіну және түсіндіру оңай болады. Жақсы кітап оқысаң заттарға көзқарасың өзгереді. Қарапайым нәрсенің байқамаған қырын көресің. Мысалы төмендегі кубик. Кітап оқымай тұрып оны жасыл түсті квадрат ретінде көресің. Кейін Тек жасыл емес екінші жағында сары түс бар екенін байқайсың, Тағы оқи келе басқа қырынан қарап, оның Куб екенін сарғыш түсі де бас екенін көресің. Ары қарай фантазияңа жол ашылып арғы бетіндегі түстерді елестетесің.

+4 дауыс
Кезінде үлкен ағалар мен апаларымыздан естуші едік, таңды тағда жалғап кітапты бір-бірінен кезектеп алып оқыдық дегенді. Қазір текке таратқан кітаптың өзі оқылмақ түгілі беті де ашылмай шаң басып текке қалады. Бұл мәселеге көпшілік жазушылар кінәлі дейді. Бірақ қазір барынша қызықты қылып жазып жатқандар жетерлік, яғни мәселе басқаға келіп тіреледі. Бұл заманның жастары жеңілдің астымен ауырдың үстімен жүруді әдетке айналдырған. Ал кітап оқуға келгенде тіптен жалқау, сіздің әр біреуіңіз осы кезге дейін кітаптан бас алмай жатқан жасты көрдіңіз бе? Мен де байқамаппын. Себебі қазір ғаламтор деген алпауыт дүние барлық салаға бойлап еніп, көп нәрсенің алдын орап келеді. Әрине егер жастар ғаламтордан аса пайдалы дүниелерді іздеп, соны тауып сусындап жатса айтар уәжім жоқ. Бірақ қазіргі жастар үшін ғаламтор деген күнделікті күйбің тіршіліктің барысын талқылайтын қарапайым сөзбен айтқанда «өсек» алаңы. Мәселе оған да келіап тіреліп тұрған жоқ. Кітап оқу үлкен мәденеиеттіліктің белгісі. Қазір кітап оқуды көп адамдар ескіліктің қалдығына балап қалғандай. Қолыңа алып беріліп тұрып оқыған кітап сенің есіңде жақсы сақталады. Ол кітаптағы әр бір қажетті ақпарат, тарихи дерек, немесе пәлсапалық тұжырым саған өмірлік азық болатын дүние. Ал нарықтық заманның заңы басқа, талабы бөлек. Бұл уақытта барлығына жанталасып отырғандар ғана жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Сол себепті де олар ғаламтордан тек өзіне қажеттісін алуға тырысады, бірақ осы қажеттілікті қанағаттандырудың артында шалалық қалып бара жатқандай. Қысқа ақпарат ол қысқалыққа әкеледі, кітапты оқу бұл толыққандылыққа себепші. Кітаптан сусындап өскен аға буын өкілін бақыласаңыз барлығына сабырлықпен, түсіністікпен және тереңдікпен кіріседі. Ал жаңа заман жастары алып ұшып тұратындай көрінеді. Әрине көпке топырақ шашудан аулақпын, дегенмен қазірдің өзінде қолына кітап алып білім бұлағын қазып жүргендер баршылық бірақ олардың саны көп деп айту қиын. Әрине заманның дамып жастардың көштен қалмай заманауи технологияны игергені дұрыс, дегенмен жалқаулықтан арылып бәсекеге қабілетті болуға ұмтылу керек. Осы мақсатта көп ізденіс және көп оқу аса қажет.
+1 дауыс
арине китаптан окыган нарсен миында сакталып калады, телевизордан кино коргенше ктаптан сол кинонын шыгармасын окыган артык шыгар
+1 дауыс
Алхамдулиллах. Пайдасы мол. Козин ашылып сауатты боласын. Бирак ол кандай китап екенине байланысты
+2 дауыс
"Кітап білім- бұлағы, білім- өмір шырағы" деп бекер айтылмаған. Кітапті. оқи білу,өз керегіңді таба білу ол да білімділікке жатады.Жастардың құлағына алтын сырға,қазір кітап оқып, білім бұлағына сусындап жүрген ешкімді байқамадым. Бұрын жаңа кітап көрсек,"мынаны қайдан алдың? қанша экземпляр шығыпты?"деп сұрап жатушы ек, қазір ондай жоқ, орнынына "ғаламтор" деген құдірет бар. Шындығында, "кітапқа ештеңе жетпейді"деп ойлаймын.
+2 дауыс
Орысша айтқанда кругозор кеңейеді.
+1 дауыс
Өмірің өзгереді, кез келген ортаға тез сіңісіп кететін боласын, біреумен танысуға да ортақ әңгіме тез табылатын болады, общительный боласын)
+1 дауыс
Иә, пайдалы.Өлең жаттау кезінде де, ән жазу кезінде де көмек береді.
+1 дауыс

Кітап оқу Нұрсұлтан Назарбаев

Сіз «Кітап оқудың маңыздылығы неде?» екенін ойланып көрдіңіз бе? Қандай да бір автор, ұстаз немесе ата-ананың жауабын естіп таң қаларсыз деп ойлаймын. Олардың айтары бар екендігі сөзсіз. Мүмкін көптеген МАҢЫЗДЫ нәрселерді айтар.

Мысалы, автор Томи деПаолды алсақ. Бұл американдық жазушы және иллюстратор, ол балаларға арналған 200-ден астам кітабын шығарған. ДеПаола: «Оқу маңызды, себебі егер сіз оқи алсаңыз, барлығы туралы және өзге туралы бәрін біле аласыз», - деген.

Бұл өте маңызды мәлімдеме.

Оқудың МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ неде? Оқу сізге білім алуға қалай көмектеседі?

1. Оқу – белсенді ақыл-ой үрдісі. Телебағдарламаларды көруге қарағанда кітап миыңызды пайдалануға мәжбүрлейді. Сіз ойланасыз. Біліміңіздің тереңдігі мен кеңдігі артады. Ассоциациялар құра бастайсыз және тақырыптан тақырыпқа түйсінуді арттырасыз. Логикалық тұрғыдан ойлау қабілетіңізді жақсартасыз. Зерттеулер ақыл-ой әрекетін ынталандыратын адамдарда есін жоғалту және Альцгеймер ауруы мен кемақылдықтың даму үрдісі баяулайтынын дәлелдеді. Оқу миыңыздың мықты және салауатты болуына көмектеседі.

2. Оқу дағдылар мен эрудицияны дыматуға көмектеседі. Кітаптар заттар шексіз сану туралы ақпаратты ұсынады. Музыка мен спорттан бастап аспаздыққа дейін – ақпарат, міне сол. Сіз не білгіңіз келеді? Алдынан артқа қарай жүрген кезде 360 градусқа бұрылу үшін скейтбордқа рампаны қалай салу қажет? Шахмат ойнаған кезде қарсыласыңызды қалай сан қақтыруға болады? Өзге тілде сөйлеп, сүйікті қызыңызға қалай әсер қалдыруға болады? Оқудың арқасында осы дағдылардың кез келгенін игеріп, оларды кез келген қажетті немесе қалаулы сұраққа шешім табу үшін әр кезде қолданасыз.

3. Оқу сөздік қорыңызды жақсартады. Кез келген мәтінді оқи отыра, мағынасын іздеген-іздемегеніңізге қарамастан сөздерді танып білесіз. Сіз сөйлемнің құрылымы мен контекске сүйене отыра, сөздің мағынасын болжайсыз. «Контекст» - автор қиын немесе ерекше сөздердің мағынасын түсінуге мүмкіндік беретін түрткі сөздердің қызық атауы. Бұндай түрткі сөздерді сол (мағынасын білмеуіңіз мүмкін) сөз тұрған сөйлемнің алдындағы сөйлемнен немесе сол сөйлемнің өзінен таба аласыз. Білмеуіңіз мүмкін сөзбен көршілес сөйлемді оқи отыра, оның мағынасын болжай аласыз. Уақыт өте келе осындай сөздердің көпшілігі сіздің күнделікті ауызекі сөйлеу қорыңыздың бөлігіне айналады. Қиынырақ сөздерді қолдану сіздің сенімділігіңізді нығайтады және кез келген жағдайда жақсы сөйлеуге мүмкіндік береді. Бұл сіздің өзіңіздің жазуыңызға көмектеседі, екпін, жатықтық және басқа авторлардың стилі туралы түсінік береді.

4. Оқу сізге әлемді көрсетеді. Сіз өз ауданыңыз, қалаңыз, облысыңыз немесе еліңізден алшақ ешқайда шықпасаңыз да, басқа жерлер мен оқиғалар туралы ақпаратпен ой-өрісіңізді кеңейте аласыз. Өзге мәдениет, тіл және жерлер туралы; дүниежүзіндегі адамдар және олардың жетістіктері туралы; өткен күндердегі жағдайлар және бүгінде болып жатқан оқиғалар туралы біле аласыз. Кез келген саладағы өзекті және/немесе қызықты жергілікті, ұлттық немесе халықаралық тақырыптар туралы хабардар боласыз: ауа-райы, бизнес, ойын-сауық, саясат, поп-мәдениет және т.б.

5. Оқу кезбе. Сіз кез келген жерде: қалалық көлікте, күнделікті істер арасында, кезекте тұрғанда, рейс кешіккенде немесе күту залында оқи аласыз – оқуға болатын жерлер өте көп. Оқуға болатын мәтіндер саны да сондай көп: жарнама хабарландыруларынан бастап мақалаға дейін, өлеңнен кітапқа дейін, мақаладан қысқа оқиғаларға дейін, блогтан сайтқа дейін және т.б. Сіз Интернетте, iPhone және көптеген жуырда ойлап табылған басқа құралдардың көмегімен оқи аласыз.

6. Оқу өміріңізді өзгерте алады. Тек ойлап көріңізші, егер сіз барлығы туралы және кез келген туралы бәрін біле алсаңыз, бұл білім сіздің өміріңізді қалай өзгерте алады. Қарапайым жасөспірімді мысалға алып көрейік. Өмірді өзгерту үшін не оқу керек? Жаңа дағдыны игеру немесе дарынын жетілдіру қызмет бабының өсуіне әкелуі мүмкін. Мүмкін оқушы зерттелетін пәндердің бірін көбірек білетін шығар, бұл оны болашақта одан әрі білім алып, жақсы жұмысқа ие болатын қызыға оқитын және білетін оқушы етеді. Мүмкін олар басқа қауымдастықта болып жатқан оқиғалар туралы оқып, сол идеяны пайдаланып, өз қауымдастығына түрткі болатын әлденені құру үшін одан әрі дамытады. Немесе жаңа бірдеңе ойлап табады. Мұндай заттар өмірді өзгертеді.

10 жасар Ричи Стачовскиді алыңыз, ол Гавайя жағалауында аквалангпен сүңгігенде көрген қызықты балықтар мен кораллдар туралы отбасына айтып беру үшін 1996 жылы су астында сөйлесу құрылғысын ойлап тапты. Біраз уақыт су асты акустикасын зерттеді, бұл осы өнертабысты ойлап табуға әкелді. Өзі жинаған 267 долларды алып, оны құймақшаларды жақсы көргендіктен ShortStack LLC деген атаумен патенттеді. Бүгінде Стачовски – тәжірибелі кәсіпкер. Оның өнертабысы сізді қызықтырған мәселе туралы оқу жаңалық ашуға әкелуі мүмкін екенін дәлелдеді.

Немесе малавийлік Уильям КамКуамба, 14 жасар бала оқуына ақы төлей алмаған соң мектептен қуып шығарылғаннан кейін күнін кітапханада өткізетін. 2% малавийлікте электр мен су құбыры жоқ еді, сондықтан ол африкалық ауылда металл қалдықтары, трактордың бөлшектері мен велосипед доңғалақтарынан электр энергиясын беретін жел диірменін салу тәсілін табу үшін ескі ғылыми кітаптарды оқыды. Кезінде ол қуылған болса, енді көршілері оған рэгги тыңдауға келеді. Және де ол ауылына электр және су құбырын тартты. Бұл көрші ауылдарға жел диірмендерін салуға, оның өмірі туралы кітап жазуға және фильм шығаруға және Нью-Гэмпшир штатындағы Дармут колледжінде оқуға негіз болды, колледжді 2014 жылы аяқтады.

Оқу ақыл-парасатыңызды толықтыру үшін жол салады. Бұл МАҢЫЗДЫ. Кітапты алыңыз да, көз жеткізіңіз. ☺)

+1 дауыс
иә пайдалы расымен тек Шың өз күткеніндей кітаптың атауын түсініп Бастасан!
...