Алаштың ардақты ұлы
Ол кезде өте жас едім, бірақ есімді анық білетінмін. Шет елде тұрғандығымыз үшін қазақ тіліндегі телеарналарды көру арман еді, тек қана үйімізге Қазақстанда басылған газет журналдар келетін. Сол газет журналдарға таласа, кезектесіп, құмарта оқып шығатынбыз. Спортқа деген қызығушылығым басым болғандықтан қазақ спортшыларының өмірі, жетістіктері туралы мақала жарияланса сол күні мен үшін үлкен бір той еді.
Қазақтың қайсар ұлы, ұлт жолында аянбай еңбек еткен азамат Мұстафа Өзтүріктіде де мен алғаш журнал арқылы танығанмын. Сол кездегі біз үшін енді таныла бастаған таэквондоның хас шебері, қазақтың бір туар қайсар ұланынының жансыз бейнесі нағыз азаматтықты бейнелейтін еді. Айтқанынан айтпағы көп болған ағамызды араға жылдар салып еске алып отырмын. Ол кісіге еліктеуімненбе, әлде қызығушылығымды сол кісі арқылы оятқандығымнан ба, спорт саласынан шет қалмай, жоғары дәрежелі спорт маманы болуыма ықпалы болған, менің өмірлік идеалыммен сізде жақынырақ таныс болыңыз:
Мұстафа Өзтүрік – (Мұстафа Кәбенұлы Әбдірахман) 1954 жылдың 23 қарашасында Түркияның Қайсері қаласы Мұсаходжалы аулында дүниеге келген. Атағы дүниені жарған спортшы, актер, таэквондодан қара белбеудің 6 – Дан иегері. Қазақстан Республикасы таэквондо федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы.
Қазақтың алғыр қара домалағы Стамбулдағы орта мектепті бітірген соң Тайван еліндегі экспериментальды университетті және Халықаралық қатынастар университетінің журналистика факультетін қоса бітірген. Оның спорттағы алғашқы қадамы осы елде басталған, кәрістің төл спорты таэквондоны студенттік дәуірінде үйренген. Кейінрек спорттың осы түрінен Германияның Кельн, Мюнхен қалаларында, Түркияның Стамбул қаласында өзінің төріне қазақтың қара домбырасы ілінген мектептерін ашты.
Оның спорттағы дәуірлеген уақыты осы студенттік уақыттарына сәйкес келеді. 1975-80 жылдар аралығында үздіксіз жеңіске талпынуының нәтиежесінде университет дипломына қоса 6 – Дан қара белбеу иегері сертификатынада қол жеткізеді. Сол уақыттары әйгілі Брюс Лимен бірге жаттығуларға қатынасып, шеберлігі шыңдалған Мұстафа түрлі жарыстарда топ жарып, әлем чемпионы атағына да қол жеткереді. Ең өкініштісі спортпен ерте қоштасады. Өйткені бұл спорт түрінің ережесі бойынша 6 – ДАН қара белбеу дәрежесіне жеткен спортшылар жарыстарға қатынастырылмайтын, сол себепті ол кісі жаттықтырушылыққа бет бұрды.
Қалың қазақтың атамекенге орала бастаған алғашқы көші легінде 1990 жылы Мұстафада ат басын елге бұрды. Қазақтан алыста өссе де ана тілінде мүдірместен сөйлеген алаш ұлы өзімен бірге елімізге спорттың жаңа бір лебін ала келді. Келес сала қарап қалмай, өзі бас болып Қазақстан Республикасы таэквондо федерациясын құрды, Алматыдан өз мектебін ашты. Қазақтың қара домалақтары арасынан Бексейіт Түлкиев, Қабибек Мұхитов, Қайрат Қырғызбаев, Сұлтанмахмұт Шоқпытов сынды талантты жастарды тәрбилеп шығарды. 1992 жылы Мұстафаның шәкірттері алғаш рет көк туымызды Туркияда өткен халықаралық турнирде желбіретті, олар жарыс чемпиондары Сұлтанмахмұт Шоқпытов және Қайрат Қырғызбаевтар.
1993 жылы қазақ елінің федерациясы Халықаралық таэквондо федерациясының мүшелігіне қабылданды. Бұл дегені қазақ таэквондошылары үшін әлемдік ареналарға жол ашылғандығы еді. 1995 жылы әскерилер арасындағы әлем біріншілігіне алғаш рет қатынасқан ұлттық құрама әлемдік денгейде екінші орыннан көрінді.
Ия, Мұстафа қазақ үшін қолынан келгенін жасады, маңдайының сонғы тер тамшысына дейін қазақ жеріне төкті. Бірақ біз ше, біз не істедік? 1995 жылы 15 наурызда асыл аға бұл жалғанмен мәнгіге қоштасты. Ресми мәліметтер бойынша, бауыр езілуінен қайтыс болған. Бірақ, олай болмауыда мүмкін? Бұл мәлімет ресмиліктен көре, жалғандыққа жанасқанын сол кездн ақ шулап растадық, растығына сендік. Қалың қазақ қайғыдан арылмай жатып оның шәкірті Бексейіт Түлкиевте белгісіз себептермен жан тапсырды. Өшіккендер кім болды екен? Әлі күнге дейін Брюс Лиден бастау алған «ажал құрбандарының» өлім себептері анықталмады.
Бұл тізім кейінірек елімізде тағыда жаңара түсті. Олар қатарына боксшы Әбдісалан Нұрмаханов, Асқар Шайхиев, Оралбек Қожамгелдиевтер қосылды. Өте өкінішті жәйт. Қолда барды қадірлей алмадық, алдымызды «орап» кеткенін көре алмадық.
Әттен, ағамыз қазақ ұланының Олимпиада төрінде жүлде таққанын көре алмады, көптеген армандары өзімен кетті. Еліне төкке терінің өтемі әліде ақталмады, ең болмағанда «керексіз» ескерткіштермен қапталған Алматыдай алып шақардан ескеркіш орнатар бір қарыс жер бұйырмағаны ма?
http://massaget.kz/blogs/10557/