+3 дауыс
3.3k көрілді

Microsoft жайлы ең қызықты 10 дерек жазсаңыздар? Майкрасофт туралы қызықты ақпараттар.

Microsoft,10 дерек,майкрасофт

8 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Компаниядағы бір бос орынға 1 млн 300 мың адам үміткер екен. Содан келгенде мұнда кадрлардың ауысуы бар болғаны 8 %-құрайды.
+2 дауыс
1.Өте жылдам жұмыс жасауы.

2.Керекті барлық программалармен жабдықталуы
+2 дауыс
Корпорацияның аталуы Microsoft, қазақшаға аударғанда Micro - кішкентай, soft - жұмсақ ))
0 дауыс
  1. Компаниядағы бір бос орынға 1 млн 300 мың адам үміткер екен. Содан келгенде мұнда кадрлардың ауысуы бар болғаны 8 %-құрайды. Мұндай бәсекелестік бекерден-бекер емес, себебі компанияға ең үздік мамандар іріктеліп алынады. Microsoft бағдарлама жасаушыларға айрықша көңіл бөліп, оларды барынша қолпаштайды. Мұндай мамандарды мектеп партасынан бастап дайындап, түрлі оқу-ағарту бағдарламаларына қаражат бөледі. Одан бөлек бағдарлама жасаушылар компаниядағы  барлық басты шешімдерді қабылдауға ықпал етеді. Бір сөзбен, мұнда корпорация қызметкерлері үшін барлық жағдай жасалған. Мысалы, егер маманға өте қажет болғанда, ол ұзақ мерзімді ақылы демалысқа шыға алады. Корпорацияда әр қызметкер медициналық жағынан сақтандырылады және спортклубтарға бару абонементтерімен қамтамасыз етіледі. Мамандардың үйде отырып та және толық емес апталық жұмыс істеуіне де мүмкіндік жасау қарастырылған.
  2. Microsoft компаниясы гендерлік саясатты да берік ұстанады және жұмысқа әйелдерді де ықласпен қабылдайды. Мұнда қыздарды мамандыққа таңдау мектептен басталады. Корпорация дарынды қыздарды таңдау мақсатында жүйелі түрде DigiGiriz күндерін, жоғары сынып қыздарына арналған жазғы лагерлер ұйымдастырады.
  3. Бұл компания өзінің кадрлық саясатында дәстүрлі емес сексуалды бағдар ұстанатын қызметкерлерді біріктіретін GLEAM кәсіподағының жұмысын белсенді түрде қолдайды. Ол ұйым 15 жылдан бері жұмыс істейді, қазір ол 700-ден астам адамды біріктіреді. Корпорацияда қызметкерлердің бұдан басқа да, мысалы, қара түстілер және Hopper әйелдер бірлестіктері бар.
  4. Microsoft басшысы туралы айтқанда, оның көбінесе нәзік жандылардың ортасында болуды ұнататындығын мына бір жайт растайтын сияқты. Билл Гейтс мектепте оқып жүрген кезінде оқу сыныптарын қалыптастыруға арналған бағдарлама жазады. Ол осы бағдарламасының арқасында дені қыздардан тұратын сыныпта оқитын болған.
  5. Осы Microsoft негізін қалаушы бастапқы кезде Microsoft Office бағдарламалық пакеті Windows операциялық жүйесі негізінде жұмыс істейтін компьютерлерге арналмай,  Apple компаниясының Macintoch ДК-ы үшін жасалатынын болжай алды ма екен. Бұл жағдай 1989 жылы болған еді, Microsoft тек келесі жылы ғана Windows ОЖ үшін Office пакетін дайындаған болатын.
  6. 2009 жылы Microsoft компаниясының қаржылық көрсеткіштері 23 жыл ішінде алғаш рет бәсеңдеуі тіркелді. Атап айтқанда, осы жылдың 4-тоқсанында корпорацияның қаржылық табысы өткен жылғы 15,84 млрд-тан 13,10 млрд-қа дейін азайып, 17%-ға кеміді. Таза пайдасы 3,05 млрд-қа кеміп, 29%-ға қысқарды. 2009 жылдың қорытындысымен Microsoft табысы 3%-ға қысқарып, таза кірісі 18 пайызға азайды. Компанияда орын алған осы жағдайды сол кездегі ДК-ға сұраныстың азайғандығынан, Windows 7 ОЖ-ның апгрейдінен және т.с.сияқты жоспарлы шығындардан көреді.
  7. Microsoft корпорациясы өзінің 38 жылдық тарихында 150-ден астам, оның ішінде Hotmail, Skype, Vision Corporation6 Yammer сияқты компанияларды еншілепті. Олардың 6-ы корпорацияға 1 млрд-тан астам долларға сатып алынған екен.
  8. Бұл корпорация  үнемі қоршаған ортаның қамын ойлайды. Міне сондықтан да ол халықаралық Гринпис электроника өндірушілерінің тізіміне енген. Бұл ұйым корпорацияның өнімдегі зиянды заттардың үлесін азайтуға, ауа қабатын ластайтын қалдықтарды кемітуге және өндірістік қалдықтарды өңдеуге бағдарланған белсенді шараларын ескере отырып, оның табиғи ортаны қорғаудағы еңбегін жоғары бағалады.
  9. Microsoft көптеген патенттер иесі. Корпорация АҚШ-тағы ең ірі 5 патент иеленушілер тізіміне енген. Корпорация иелігінде 10 мыңнан астам патент бар және олардың саны жыл санап өсу үстінде. Microsoft жылына 3 мыңнан аса патентті тіркеуге сұраныс береді. Ол патенттердің көбісі бағдарламалық жасақтама бағытындағы жаңа өнертабыстарды қорғауға бағдарланған.
  10. Microsoft өз өнімдерінде байқалған ақаулар жайлы мәліметті бірінші кезекте АҚШ үкіметіне, содан соң бірден әлемдегі барлық пайдаланушыларына жеткізіп отырады. Корпорация бұл әрекетін ұлттық қауіпсіздікке деген жанашырлық деп түсіндіреді. Алайда Microsoft-тың бұл мәліметтерін америкалық құпия қызметтер әлем бойынша кибер-шабуылдар жасауға пайдаланады екен дейтін сыбыстар да бар.
+1 дауыс

1975 жыл, Microsoft компаниясының құрылған жылы.

1979 жылдың 1 қаңтары, Microsoft Нью-Мексико штатының Альбукерке қаласынан Вашингтон штатындағы Белвью қаласына көшті.

1981 жылдың 25 маусымы, Microsoft корпорацияға айналды.

1981 жылдың 12 тамызы, IBM Microsoft-тың 16-разрядтық MS-DOS 1.0 операциялық жүйесімен жқмыс істейтін дербес компьютер шығарды.

1986 жылдың 26 ақпаны, Microsoft Вашингтон штатының Редмонд қаласындағы корпоративтік кампуске көшті.

1986 жылдың 13 наурызы, Microsoft ашық компания болды.

1989 жылдың 1 тамызы, Microsoft офистік қосымшалар пакетінің алғашқы нұсқаларын таныстырды.

1990 жылдың 22 мамыры, Microsoft Windows 3.0-ді шығарды.

1995 жылғы 24 тамызда Microsoft Windows 95-ті шығарды.

1998 жылғы 25 мамырда Microsoft Windows 98-ді шығарды.

2000 жылдың 13 қаңтары, Стив Баллмер (Steve Ballmer) Microsoft-тың президенті және бас директоры болып тағайындалды.

2000 жылдың 17 ақпаны, Microsoft Windows 2000-ді шығарды.

2000 жылғы 22 маусымда Билл Гейтс «корпорацияның стратегиясы толықтай .Net тұғырнамасымен анықталатын болады»,-деп жариялады.

2001 жылдың 31 мамыры, Microsoft  Office XP-ді шығарды.

2001 жылдың 25 қазаны, Microsoft  Windows XP -ді шығарды.

2001 жылдың 15 қарашасы, Microsoft  Xbox-ты шығарды.

2002 жылдың 15 қаңтары, Билл Гейтс Trustworthy Computing жайлы мәлімдеді.

2002 жылдың 7 қарашасы, Microsoft пен әріптестер планшеттік ДК шығарды.

2003 жылдың 16 қаңтары, Microsoft дивиденд төлейтіндігі жайлы хабарлады.

2003 жылдың 24 сәуірі, Microsoft Windows Server 2003-ті шығарды.

2003 жылдың 21 қазаны, Microsoft Microsoft Office System-ді жасады.

2004 жылдың 30 шілдесі, Microsoft акционерлерге $ 75 млрд дивидендтерін қайтару жөніндегі жоспарын жариялады.

2005 жылдың 22 қарашасы, Microsoft Xbox 360-ты шығарды.

2007 жылдың 30 қаңтары, жер жүзі сатып алушылары үшін Windows Vista мен

2007,  Microsoft Office System қол жетімді болды.

2008 жылдың 27 ақпаны, Microsoft Windows Server 2008, SQL Server 2008 және Visual Studio 2008-ді шығарды.

2008 жылдың 27 маусымы, Билл Гейтс уақытының көбісін «Билл және Мелинда Гейтс» қорына жұмсау мақсатында өзінің Microsoft-тағы күнделікті міндеттерінен босады.

2009 жылдың 3 маусымы, Microsoft Bing іздеу жүйесін іске қосты.

2009 жылдың 22 қазаны, Microsoft  Windows 7-ні шығарды.

2010 жылдың 15 маусымы, Microsoft Office 2010-ды шығарды.

2010 жылдың 4 қарашасы, Microsoft Xbox 360 үшін Kinect-ті шығарды.

2010 жылдың 10 қарашасы, Microsoft Windows Phone 7-ні шығарды.

2010 жылдың 17 қарашасы, Microsoft Microsoft Lync-тың қол жетімділігі жайлы жариялады.

2011 жылдың 26 маусымы, Microsoft Office 365-ті шығарды.

2011 жылдың мамыры, Microsoft Skype-ты иелегіне алды.

2012 жылдың 30 маусымы, Microsoft компаниясында 94290 адам жұмыс істейді.

+3 дауыс

Нью-Йорк, 12 қараша 2014 жыл. Сәрсенбі күні Microsoft корпорациясы кросс-платформалы, ашық кодты бағдарламалаушылардың тәжірибесіне сүйенуін күшейтті десек те болады. Олар .NET-тің толық серверлік стегін және кеңейтіліп жатқан .NET-ті Linux және Mac OS амалдық жүйелерінде қосу үшін кодтарын ашуға бел буып отыр. Сонымен қатар Microsoft Visual Studio-ның негізгі қажетті құралдарын өзінде біріктіретін Visual Studio-ның жаңа тегін нұсқасы Visual Studio Community 2013 жарыққа шығарды. Анонстары Visual Studio 2015 Preview және .NET 2015 Preview таныстырылған Microsoft’s Connect(); шарасында басталған еді.
 

Бүгінгі миллиардтаған құрылғылардан тұратын нарықта, бағдарламалаушыларға әртүрлі форм-факторларға және платформаларға арналған құралдар қажеттілі бар. Visual Studio және .NET арқылы, біз бағдарламалаушыларға бірнеше құрылғылар мен платформаларда жасалатын және басқарылатын комплексті шешімді ұсынамыз

— деп Microsoft корпорациясы, Бағдарламалаушылар бөлімінің корпоративтік вице-президенті, С. Сомасегар сөз айтты.

дерекөз: http://codeo.kz/blog/itnews/181.html

+1 дауыс

МЫНА сілтемеде WINDOWS жүйесінің қалай дамығаны бар

0 дауыс
Қазіргі кезде "Microsoft" ең танымал компаниялардың бірі. Тағы бір қызықты дерек: мен кішкентай кезімде "microsoft-ты" "микрософт" деп оқитын едім, сөйтсем "майкрософт" болып оқылады екен ))
Мен де солай оқығамғо кезінде-;))
...