0 дауыс
398 көрілді
Айтыңызшы, тауар-қызмет сұраныс бағасы үшін қандай ақпарат көздерін пайдаланған тиімдірек?

1 жауап

0 дауыс
Нарықтағы Сіздің өніміңізді сату мүмкіндігінің қандай екенін түсіну үшін сұранысты бағамдау керек және сіздің кәсіпорыныңыз орналасқан өңірді және сол өңірдегі салалардың сатып алу көлемін бағалау керек, яғни шағын зерттеу жүргізген жөн. Ақпаратты қайдан алу керек? Кез келген зерттеуді ақпарат жинаудан бастайды. Екінші ақпарат көздері зерттеу нүктесін бастау үшін қызмет етеді. Екінші ақпарат көздері арзан болғанымен оларға қолжетімділік басымдырақ болады, ақпараттар жиынының құрама кестесі жақсы нәтижелер береді: ақпараттың бір бөлігін ашық көздерден жинайды, (ҚР Статистикасы туралы агенттік, Министрлік, Ведомства, Әкімдіктердің ресми сайттары, қорлар және т.б.) ал ақпарттың тағы бір бөлігін ақпаратты тапсырыспен жинау және өңдеумен кәсіби түрде айналысатын компаниялардан алады. Егер Сіздің қызметіңіз регламенті белгіленген сатып алумен байланысты болса, онда ол туралы ақпараттарды Мемлекеттік сатып алулар сайтынан, tender.kz сайтынан («Самырұқ Қазына» ҰБФ компаниялары үшін) алуға болады. Табысты басқарудың жалпы ережесі – ақпараттарды жүйелі зерттеп отыру, яғни мұндай жағдайда болып жатқан өзгерістерді бағалауға болады.
...