+1 дауыс
43.0k көрілді

Маркетинг дегеніміз не? 

Нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіретің мекемелер — коммерциялық компаниялар, және бұл өнімді (тауарлар мен қызметтерді) тұтынатың тұтынушылар бар болады.

Маркетинг дегеніміз коммерциялық компанияның тауарлары мен қызметтерің тұтынушыларға, компания үшін, тиімді сатылуын жүзеге асыратын іс-әрекеттердің жиынтығы.

Яғни маркетингтің негізгі мақсаты коммерциялық компанияның пайдасын арттыру.

Маркетингтің негізгі ұғымдары

Мұқтаждық — әрбір адамның ас ішу, киім кию, білім алу, т.с.с мұқтаждықтары бар болады.

Қажеттілік — мұқтаждықтын конкретизациясы. Мысалы аштық — мұқтаждық, ал беспармақ жеу ниеті — қажеттілік болады.

Тауар — адамдардың қажеттіліктерін өтей алатын және айырбастауға не сатылуға ұсынылған материалды не материалды емес объект. Мысалы дүкендерде сатылатын — қаламсап, дәптер, нан, компьютер және тағы сол сияқтылары тауар болады.

Әдетте материалды емес тауарларды қызмет деп атайды. Мысалы шаш алу, заңгерден кеңес алу, дәрігерге қаралу қызмет болады.

Сатылымдардың қабілеттілігі — адамның тауарды сатып алуға қажетті ресурстардың мөлшері. Яғни адамның тауарды сатып алуға ақшасының (не өзге ресурстарының) бар не жоқ болуы.

Тауар алмасу — тұтынушылар арасындағы, тауарларды, қажеттіліктеріне қарай, бір-бірімен айырбасталуы.

Тауарды ақшаға сату тауар алмасудың бір түрі болады.

Нарық — екі түрлі мағынаға ие, бірі тауар алмасатын жер (реалды не виртуалды), екіншісі сатып алушылардын жалпы жиынтығының атауы.

Пайда - тауарды сатқаннан түскен және тауарды өндіруге жұмсалған қаржының айырмасы.

Бәсекелестер — бір қажеттілікті өтеуге ұсынған тауарлары бар және бір ортақ нарықта жұмыс істейтің компаниялар.

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Маркетинг – кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің‚ т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Маркетинг нарық дамуының жай-күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға‚ көрсетілетін қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен нарықта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады.
Маркетинг – сұранымды жан-жақты зерделеп‚ болжау‚ жарнаманы пайдалану‚ өндірісті ынталандыру‚ сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін техникалық және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу‚ өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық‚ қаржы‚ коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады. Яғни маркетинг – негізі – клиент, ал нәтижесі – пайда табу болып табылатын компанияның нарықтағы қызметі. Осылайша, клиент туралы мәліметтер негізгі болып табылады және ол коммерциялық түрде бағалы болып табылады.
+1 дауыс
Маркетинг – компанияның нарықтағы қызметі. Оның орталығы – клиент, ал мақсаты – пайда алу болып табылады. Сүйте тұра, клиент туралы білім негізгі болып табылады және ол коммерциялық құндылыққа ие.
0 дауыс
«Маркетинг» термині ағылшынша «market» (нарық) сөзінен шыққан және дәл мағынасы нарықпен байланыста кәсіпкерлік әрекетті білдіреді. «Нарық» түсінігі осы цикілдің соңғы түсінігі «маркетингке» жетелейді. Маркетинг-ол нарыққа қай жағынан да қатынасы бар адам әрекеттері. Маркетинг- адамдардың мұқтаждығы мен тұтынысын қанағаттандыруды мақсат етіп, алмастыру арқылы нарықта жұмыс атқару.
0 дауыс

Маркетинг дегеніміз – клиенттің қажетілігін анықтау.

   Бизнесте маркетингтің алатын орны өте үлкен. Бүгінгі сабақта Маркетинг дегеніміз не? Маркетолог деген кім? Маркетингтегі нарықтың ерекшелігі қандай? Маркетингтің негізгі қағидаларымен мақсаттары қандай? Не өшін әлеуметтік желіні пайдалану керек? Деген сауалдарға жауаптар айтылатын болады.

   Маркетинг дегеніміз не? Қазіргі таңда біздің қоғамға ол не үшін керек? Маркетинг тақырыбын кең ашпастан, көптеген азаматтар бізде соны түсінбейді. Маркетинг туралы ана кісіденде мына кісіденде естіген, әйтеуір бір курстардан, тренигтерден естіген, бірақ шындығына келгенде білмейді. Маркетингпен сауданың айырмашылығын білмейді. Сауда деген ол ең алдымен жарнама, Маркетингтің ішіндегі бірғана құрал. Ал Маркетинг деген ол бүкіл осы нарықты зерттей отырып клиентің проблемасын анықтай отырып соған бір жақсы өнім беру осыны Маркетинг деп атайды. Яғни клиенттің қажеттілігін нарықтың қажеттілігін анықтау осыны Маркетинг деп атайды. Яғни қандай баға қою керек, клиенті қалай анықтау керек, клиентің қандай проблеммалары барын анықтау керек, осылардың барлығына Маркетинг саласы жауап береді.

   Қазіргі таңда Маркетингтің көп түрлері бар, Маркетинг саласы қазір өте көп тармақтарға бөлініп кетті. Маркетинг саласы бойынша бірғана тармақтың маманы болуға болады немесе барлығына ортақ маман болуға болады. Бірақ қазіргі таңда ортақ маман ешкімге керекгі жоқ себебі мысалы сіз тіс дәрігеріне барғыңыз келді, алдыңыздан Мед Орталық және Тіс емедеу орталығы тұр. Сіз қайсына баратын едіңіз, Тіс дәрігері Мед Орталықтада бар, бірақ сіз әлбетте Тіс емдеу орталығына барасыз себебі ол жерде бірғана мәселемен айналысатын маман яғни эксперттер бар деп санайсыз. Сонымен жалпы ортық Маркетолог болмай-ақ қояйық тек бір саланың ғана маманы бірғана тармақ бойынша Маркетолог болайық.

   Маркетингтің қазіргі таңда негізгі тармақтары Нейро Маркетинг – ол адамның миына асер ету арқылы заттарды сату, Арома Маркетинг – ол иіс сезу мүшелері арқылы адамға әсер ету, Аудио Маркетинг – ол музыка арқылы адамға әсер ету. Мысалы кез келген Мейрамханаға барсаңыз, кез келген дүкендерге барсаңыз музыка қоюлы тұрады. Яғни олар музыка арқылы, сол жіберіп жатқан толқындар арқылы сізді дүкеннен асықпай шығуыңыз үшін музыканы қойып қояды йә? Адам сол Алып дүкенге әдемі жағымды музыкамен кірген кезде, бітті, сіз бір басқа әлемеге түскендей боласыз, үйткені музыкамен ол сіді баурап алды да арықарай Арома Маркетинг арқылы сіздің иіс сезу мүшеңізгі әсер етті болды, және Нейро Маркетингті қоса ол жерде сіз өзіңізді жоғалтасыз және кезкелген затты алуға дайын боласыз. Осылардың барлығы арқылы қазір Маркетинг саласы өте қатты дамып кетті. Егер сіз осылардың барлығын меңгеріп алатын болсаңыз сізден өте керемет Маркетолог маманы шығады.  Сіз кез келген өзіңіздің өніміңізді сата аласыз және ең бастысы сізгі кім қалай әсер етіп жатқанын түсінесіз. Себебі қарапайым дүкеннің өзінде мысалы Сулпак сияқты Магнум сияқты тағысын тағы дүкендерде Мерчен дайзинг деген сала бар ол тауарлардың қай жерге қою кереке екендігін үйрететін сала. Яғни сіз мысалы бір дүкенге барсаңыз байқадыңызба сізге ең керек қант нан ұн деген сынды тауарларды дүкеннің ең соңына қойып қояды, сіз оған барам дегенше жолдан ана затты көріп аласыз мына затты көріп аласыз, яғни сіздің алған тележкаңыз сол тауарларға толып қалады осыны Мерчен дайзинг деп атайды. Яғни клиенттердің жол картасы бойынша қалай дұрыс қою керек өнімдерді ол біріншісі ал екіншісі сіздің көз деңгейіңіздегі полкаларға көбісі таласады ол жерлерге ең атақты брендтегі тауарларды қлюға тырысады себебі адам жоғарғы жақтағы емес төменгі жақтағы емес өзінің көз деңгейіндегі тауарларды көбірек алады екен. Үшіншісі байқасаңыздар дүкендерде кассаның алдында көбінесе сағыздар кішкентай шоколадтар өте арзан-арзан заттар тұрады, олар сіздің соларды қосымша алып кетуіңізге итермелейді. Яғни кассада тұрған кезде кезекте тұрған кезде сіз оны көре бастайсыз. Осылардың барлығы Маркетинг ол жайғана бір нәсе емес. Қазіргі кездегі трендтегі жүрген Бизнес тренерлердің айтатыны, сайт жаса әлеуметтік желіні қолдан деген ол Интернет Маркетингтің ішіндегі бір кішкентайғана бөлігін айтып жатырда сіздерге. Ал Маркетинг өте кең сондықтан егер сіз шынымен өніміңізді сатамын, өзіңіздің қызыметіңізді сатамын десеңіз өзіңізді эксперт ретінде мықты маман ретінде көрсетемін десеңіз онда осы психологияны түсініп алғаныңыз жөн, клиенттің психологиясын, адамдарға әсер ету психологиясын түсініп алыңыздар. Әлемдегі мықты Маркетологтар айтады - ең мықты Маркетолог, ең мықты ақша табатын Маркетолог ол клиенттің не қалайтынын білетін Маркетололг, адамның ойын алдын ала түсінетін Маркетолог.

   Филип Котлер

   Маркетинг ғылымының негізін қалған Американдық профксор. Маркетинг туралы жүзден астам мақала мен көптеген кітаптардың авторы. Ф.Котлердің Маркетингтің негіздері атты кітабы 2009 жылдан бері 9 рет қайта басылып шыққан. Жалпы алғанда, бұл автордың туындылары 3 милионнан астам тиражбен шығарылып, әлемнің 20 тіліне аударылып, 58 мемлекетте маркетинг негізгі әдістемелік құралы саналады.

   Ф.Котлер айтады - адамдардың миына кірмеңдер дейді, адамдардың жанына, жүрегіне кіріңдер дейді, үйткені бұрынғы маркетинг қалды дейді. Себебі бұрынғыдай ал ал деп тықпалаудан қазір сен ештеңке істей алмайсың дейді. Сенің жұмысң клиентің жүрегі нені қалап тұр соған әсер ет дейді, сол кездеғана сенің жұмысың жүре бастайды, бизнесіңде дами бастайды ол клиенттің қалауынан деген.

   Қазіргі тренер маркетологтар тренингте тез тез сайт аш, тез тез әлеуметтік желіңді дамыт, тағысын тағы сізді қысқа уақытқа қуалайды. Яғни сенің бір саланы меңгеріп бір саланы алып кете алатын жағдайың өте аз.  Мысалы бір сайттың өзін ашу үшін өте көп салаларды меңгеруіңіз керек, ол жерде дұрыс тақырып, дұрыс түс таңдау керек, әдемі блоктар қою керек, контактілерін дұрыс кою керк, клиенттердің сенімін тудыратын постарды жаза білу керк. Осылардың барлығы Маркетинг.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
3 жауап
...