0 дауыс
878 көрілді
Тауар мен қызметке сұранысты бағалау үшін қандай ақпарат көздері дұрыс болады?

2 жауап

0 дауыс

Нарықтағы Сіздің өніміңізді сату мүмкіндігінің қандай екенін түсіну үшін сұранысты бағамдау керек және сіздің кәсіпорыныңыз орналасқан өңірді және сол өңірдегі салалардың сатып алу көлемін бағалау керек, яғни шағын зерттеу жүргізген жөн. Ақпаратты қайдан алу керек? Кез келген зерттеуді ақпарат жинаудан бастайды. Екінші ақпарат көздері зерттеу нүктесін бастау үшін қызмет етеді. Екінші ақпарат көздері арзан болғанымен оларға қолжетімділік басымдырақ болады, ақпараттар жиынының құрама кестесі жақсы нәтижелер береді: ақпараттың бір бөлігін ашық көздерден жинайды, (ҚР Статистикасы туралы агенттік, Министрлік, Ведомства, Әкімдіктердің ресми сайттары, қорлар және т.б.) ал ақпарттың тағы бір бөлігін ақпаратты тапсырыспен жинау және өңдеумен кәсіби түрде айналысатын компаниялардан алады. Егер Сіздің қызметіңіз регламенті белгіленген сатып алумен байланысты болса, онда ол туралы ақпараттарды Мемлекеттік сатып алулар сайтынан, tender.kz сайтынан («Самырұқ Қазына» ҰБФ компаниялары үшін) алуға болады. Табысты басқарудың жалпы ережесі – ақпараттарды жүйелі зерттеп отыру, яғни мұндай жағдайда болып жатқан өзгерістерді бағалауға болады

0 дауыс
Нарықта сіздің тауарыңызды сату мүмкіндігі қаншалықты екенін түсіну үшін ең аз дегенде кәсіпорыныңыздың орналасқан жеріндегі ауданда, аймақта және жалпы сала бойынша сұраныс пен ұсынысты бағалау керек, содан соң сатып алу көлемін бағалау керек, яғни шағын зерттеуді жүргізу керек.
Ақпаратты қайдан алуға болады ?
Кез келген зерттеу ақпарат жинаудан басталады. Ақпараттың екінші қайнар көздері зерттеудің бастаушы нүктесі болып қызмет атқарады. Екінші қайнар көздердің қол жетімді және арзанға шығатынына қарамастан жақсы нәтижені ақпарат жинаудың аралас сызбасы қол жеткізеді: ақпараттың бір бөлігін ашық қайнар көздерден жинайды (ҚР Статистика жөніндегі агенттік, Министрліктердің, Ведомстволардың, Әкімдіктердің, қорлардың және т.б.), ал басқа бөлігі ақпарат жинаумен және тапсырыс бойынша өңдеумен кәсіби түрде айналысатын компаниялардан алынады. Егер Сіздің қызметіңіз белгіленген сатып алумен байланысты болса, онда ақпаратты мемлекеттік сатып алу және tender.kz («Самұрық Қазына» ӘАҚ компаниялары үшін) сайттарынан алуға болады. Жетістікке жету үшін басқаруға арналған жалпы ереже – ақпаратты тұрақты түрде бақылап отыру қажет, өйткені, тек мұндай жағдайда болып жатқан өзгерістерді бағалау мүмкіндігі бар.
...