0 дауыс
1.2k көрілді
Жүктілікке байланысты жәрдемақылар.

Саламатсыздар ма? Менің қояйын деген сұрағым, мен 2012 жылдың 23 тамызында ұлымды дүниеге әкелдім. Қазіргі уақытта екінші балама аяғым ауыр. 1 маусымнан бастап өзімнің бұрынғы жұмыс орныма шығып жумыс жасап жатырмын. Қазан айынын ортасында жүктілік демалысына шығамын, бұйырса. Мен осы 4,5 ай жұмыс жасағаным үшін маған  жүктілік демалысына шыққаным жөнінде қанша жәрдемақы қолыма тиеді? Босанғаннан кейін берілетін жәрдемақы және балаға 1 жасқа дейін төленетін жәрдемақы көлемі қандай болатынын білгім келеді. Қазіргі қолыма алатын еңбекақым 36 500 теңге. Мектепте жұмыс жасаймын.

1 жауап

0 дауыс

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405 ҚР Заңына сәйкес:

Жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтiк төлемнің мөлшерi аталмыш заңның 23-1-бабының төмендегідей тармақтарының талаптары негізінде:

1. Жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетiн әлеуметтiк төлем Қордан төленетін әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы бар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің қатысушысына 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалады.

3. Жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетiн әлеуметтiк төлем денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетiлген бүкіл кезеңге тағайындалады.

4. Жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтiк төлем мөлшерi әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту арқылы айқындалады.

Әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын он екіге бөлу арқылы айқындалады.

Еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген күндер санын күнтізбелік отыз күнге бөлу арқылы айқындалады.

5. Егер бұл еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың талаптарында, жұмыс берушінің актісінде көзделсе, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасын шегергендегі орташа жалақысын сақтай отырып, жүктілікке және босануға байланысты демалысқа ақы төлейді.

Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемнің мөлшерi аталмыш заңның 23-2-бабының төмендегідей тармақтарының талаптары негізінде:

1. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өзі үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген және Қордан төленетін әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы бар қатысушысына 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалады.

2. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем екi және одан да көп бала туған кезде әр балаға жеке тағайындалады.

4. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем баланың туу туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күнiнен бастап ол бiр жасқа толған күндi қоса алғандағы мерзімге дейiн тағайындалады.

Бiр жасқа толмаған бала қайтыс болған жағдайда, әлеуметтiк төлемдер қайтыс болған айды қоса алғанда төленедi.

5. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн ай сайынғы әлеуметтiк төлемдер табыстың орташа айлық мөлшерiн табысты ауыстыру коэффициентiне көбейту арқылы айқындалады.

Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы жиырма төрт ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын жиырма төртке бөлу арқылы айқындалады.

Табысты ауыстыру коэффициенті 0,4 болады.

Бұл ретте, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінің қырық пайызынан аспауға, ал әлеуметтік төлемнің ең төмен мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.

Ал, Сізге тиесілі әлеуметтік төлемнің мөлшері Сіздің әлеуметтік төлем алу үшін өтініш берілген кезде табыс еткен құжаттарыңызда көрсетілген мәліметтер негізінде белгілі болатындығын және сол кезде ғана әлеуметтік төлемнің мөлшерін нақты айту мүмкіншілігі болатындығын қаперіңізге жеткіземіз.

қызық екенсің өзің сұрақ қойып жауап беріп тұрсың
Хирург екеуi басқа-басқа адам атын жақсылап оқы.....!
Белгісіз
мм рахмет
...