Мәлiметтерде айтылуынша сүннилер жалпы мұсылман қауымынң 85 пайызын құрайды екен.
Қазақ халқы да Сүннетті мойындаушыларға, яғни Әһл әс-Суннаға жатады.

Нәджәф қаласында шииттер қасиетті санайтын Әли ибн Әбу Талибтің кесенесі бар.
Мұхаммед пайғамбардың өлімінен кейін пайда болған ағым.

Иранның Мешһед қаласындағы шиитердің имамы Әли «Ризаның» кесенесі. Әлемдегі үлкендігі бойынша Меккедегі әл-Харам мешітімен Мединедегі Пайғамбар мешітінен кейінгі орынды иелейдi.
Шииттерінің он екі имамы:
1. Әли ибн Әбу Талиб, шииттер оны «Мұртаза» атайды;
2. Хасан ибн Әлиибн Әбу Талиб; шииттер оны «Муджтаба» атайды;
3. Хусәйн ибн Әлиибн ӘБу Талиб; шииттер оны «Шәһид» атайды;
4.Әли ибн әл-Хусәйн ибн Әли; шииттер оны «Зәйн әл-абидин» атайды;
5.Мұхаммед ибн Әли ибн әл-Хусәйн; шииттер оны «Бақыр» атайды;
6. Джафар ибн Мұхаммед; шииттер оны «әс-Садиқ» атайды;
7.Мұса ибн Джафар әс-Садиқ; шииттер оны «Казым» атайды;
8.Әли ибн Мұса ибн Джафар әс-Садиқ; шиитер оны «Риза» атайды;
9.Мұхаммед ибн Әли ибн Мұса; шииитер оны «Тақий» немесе «Джәууад» атайды;
10.Әли ибн Мұхаммед ибн Әли ибн Мұса; шииттер оны «Нақий» немесе «Һади» атайды;
11.Хасан ибн Әли ибн Мұхаммед; шиитер оны «Зәкий» немесе «Аскәри» атайды;
12.Мұхаммед ибн Хасан әл-Аскәри; шииттер оны «Мәһди» немесе «Худжжатул-қаим әл-Мунтазыр» атайды. Олардың сенімі бойынша ол һижри 256-шы жылы туылып, 260-шы жылы аспанға көтерілген. Содан кейін 329-шы жылы әкесінің үйіндегі жертөлеге кіріп, «ғайып» болып кеткен.