+2 дауыс
3.9k көрілді
Ол қалай жасалған? Не себептен жанып кетпейді? Оны жасаған адам кім? Пайда болу тарихы қалай? Сіз онда ұшып көрдіңдер ма?
Бұған Злой жауап бере алады, менің басым жетпей отыр))
Мен кешігіп қаппын)))))

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Қарапайым өз түсінігіммен түсіндіріп көрейін. Моншаға кіріп көрген шығарсың? Сонда ыстық су буы жоғарыға көтеріледі де, отырсаң асты салқын болады ғой. Демек су газға айналғанда (ыстық буға) массасы ауадан жеңіл болып жоғары көтеріледі. Жоғарыда салқындап, ауырлап, қайта жерге түседі. Сол принцип бойынша әуе шары жұмыс істейді. Үлкен шардың ішіндегі ауаны ысытады. Ыстық ауа шарды жоғары көтереді. Жанып кетпейтін себебі - ондағы қызған ауа температурасы шар жасалған материалды жағып жіберуге жетпейді, ал от материалдан қауіпсіз қашықтықта орналасады. Ұшып көрмедім, ұшамыз деп жүргенімізге 2 жыл бопты))
Дәл менің аузымдағының айтып қойдыңыз :))
0 дауыс
Жоқ, бірақ ұшып көргім келеді))
+2 дауыс

   Аэростат ( қарапайым түрде әуе шары).Аэростат (аэро... және грек. statos — тұрған, жылжымайтын) — ауадан жеңіл ұшу аппараты. Оның кетерілу күші қабыққа (баллонға) үрленген, атмосфералық ауаға қарағанда жеңіл газ (сутегі, гелий, жылытылған ауа) арқылы жасалады. Аэростат еркін ұшатын (басқарылатын немесе басқарылмайтын) және байлаулы болып бөлінеді. 

  Аэростаттар тарихы 200 жылдай уақытты қамтиды. Ауада ұшу тарихы Францияда, Монгольфье атты ағайындылардың 1783 ж. жылы ауамен толтырылған әуе шарында ұшқаннан бері бастау алады. олардың атымен кейде жылулық аэростаттарын - монгольфьер деп атайды. Газдық аэростат профессор Шарльдің айтуы бойынша, сутегімен толтырылған әуе шары - шарльер деп аталады. Қазіргі заманғы аэростаттар өте қауіпсіз әрі сенімді болып келеді.

   Оларды байлаулы, жеңіл ұшатын және қозғалтқыштары бар - дирижабльдер деп бөледі. Толтыру типіне сәйкес оларды: газдық - шарльерлер; жылулық - монголфьерлер; комбинированды - розьерлер деп қарастырады. Шарльерлерді толтыру үшін сутегі мен жарық бергіш газды пайдаланатын; бірақ бұл газдар жанармай сияқты, олардың ауамен байланысы өрт тудыруы мүмкін, сондықтан осындай газбен толтырылған аэростатта ұшу бір жағынан қауіпті болғандықтан, қазіргі кезде оның орнына оқшау гелий қолдануда. Гелийдің бас кемшілігi тек оның тым қымбат тұруында деуге болады. Монголфьерлерде қыздырылған ауа қолданылады.

Ұқсас сұрақтар

...