+1 дауыс
3.0k көрілді

Саясаткер мен саясаттанушылардың айырмашылықтары қандай? Ұқсастықтары ше?

3 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Кезінде қолында шынымен билігі болған саясаткер мен саясаттанушының айырмашылығы дегенмен жер көктей.

- Советтер Одағы неге құлады? - деп сұрадым бірде мен, кезінде өте-мөте үлкен облыс орталығын басқарған саясаткерден.
- Білесің бе, - деді ол, - Горбачев атқарушы билікті "лақтырып" кетті. Обкомдарды жоғарыдан да, төменнен де төпейтін жүйе жасады. Оған кім шыдайды? Облыс басшысы сүмірейген итке пара-пар болды. Терезе алдында - тамақ сұраған халық, телефонда - оларға тамақ тауып бер деп ақырған партия билігі. Содан тіпті антқа берік обкомдардың өзі қолды бір сілтеуге мәжбүр болды...

Енді дәл осы сұрақты саясаттанушыға қоймасым бар ма? Жалпы советтік жүйенің кембағалдығын дәлелдеуге кіріскен ол тарихи экскурсқа белшесінен батып, ақыры миым ашып кетті.

Екеуі де оқыған, тамаша адамдар, амал не - біріншісі шынымен халық басқарып көрген. Екіншісі біріншісі сияқтыларды тек кинодан көрген. Біріншісіне ендігәрі саяси көреген, білгір, талантты, гуру/оракул болып көрінудің қажеті жоқ. Сосын ба, нақты сұраққа нақты жауабын берді. Екіншісі оқыған жерімнен түсті ғой деп қуанды. Саясат өнері "Вольтер мен Макиавеллиді оқыдың ба, оқымадың ба?" деген сұраққа жауаппен емес, "басқарушы болып па ең, қашанға дейін басқардың?" деген сұраққа жауаппен өлшенеді.

(с) Е. Оспан
шын ба???????????????? ??????
+2 дауыс

Саясаткер- өз қызметінде нақты саяси идеологияны басшылыққа ала отырып және нақты саяси жағдай қажеттіліктеріне сай шешімдер қабылдайтын, кәсіби саясатпен айналысушы адам.
+2 дауыс
Саясаткер саясатпен айналысады, саясаттанушы соны зерттейді.
...