0 дауыс
12.5k көрілді
Қағазды неден жасайды?
Ағаштан жасалады, тез жанып кететіні де сол себепті.

7 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Тарихқа үңілер болсақ, қағаз жасау өнері ежелгі замандардан-ақ халыққа белгілі болған. Алғашқы қағазҚытай жерінде пайда болды деп айтылып жүр. Олар кәдімгі шөптерді өңдеп, осы өнерді меңгерген еді. Кейінірек бұл технология Еуропа жеріне жетіп, сол жақта тарала бастады. Бұл шамамен 1000 жылдар еді. Дегенмен бұл технологияның кемшілігі сол - қағазды жасап шығару өте күрделі жұмысты талап ететін. Ақыры, ғалымдар қағазды тек шөптерден ғана емес, сонымен қатар, ағаштардан да жасауға болатындығын тапты. Осылайша қазіргі кезге дейін пайдаланылып келе жатқан жаңа технология пайда болды. Енді осы әдіс туралы аз-кем түсінік беріп көрелік.

 Қазіргі заманда қағазды қарағай немесе емен ағаштарынан жасау көп белең алған. Фабрикаға осы ағаштарды кесіп әкелген соң, оларды сыртқы қабықтарынан тазартып, қырады.
 

Содан соң, арнайы үгіткіш машина арқылы өңделген діңдерді үгітіп, ұсақтайды. Діңдер керекті деңгейде үгітілген соң, оны електен өткізіп, көлеміне қарай үгінділерді бөледі. Осылайша өңделген шикізатты арнайы қазанға салып, қайнатады. Қайнау үстінде қазанға арнайы қышқыл қосылуы керек.


Пайда болған ақшыл ботқаны арнайы машиналар арқылы лента күйіне түсіреді. Осылайша бірнеше рет өңделіп пайда болған лента таспаларға оралып, оларды қиып, дәптер күйіне түсіру үшін типографияға жібереді.
 

Қағаздар типографияда арнайы қайшылар арқылы қиылып, бізге жол тартады.

 

massaget

0 дауыс
ағаштан жасалынады
+1 дауыс
Қағаз өндіру үшін әр түрлі ағаштар мен бір жылдық өсімдіктер целлюлозасы және ағаш массасы (уатылған ағашқа су араластырылған талшықты қойыртпақ) жұмсалады. Қасиетін жоғарылату үшін қағаз массасына (қағаз және картон жасау үшін пайдаланылатын ұнтақталған талшықты материалдар, су, үстемелер, бояғыш, желімдегіш заттар қоспасы) қосымша минералдық үстемелер қосады: минералдық заттар (каолин, тальк, т.б.) қағаз түсін ағартады, тығыздығы мен тегістігін арттырады және жақсы баспалық қасиеттер (мөлдір емес, бояу жұғатын, т.б.) береді; желімдік материалдар (канифоль желім, крахмал, шайыр, т.б.) қағаздың сия сормайтын қасиетін және парақтың беріктігі мен тығыздығын арттырады; кейбір қағаз түрлерін жасауда бояғыштар, химиялық талшықтар, т.б. қолданылады. Дерек көз http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D2%93%D0%B0%D0%B7
+1 дауыс

Қағаз – ағаш діңдерінен   жасалады. Қағаз өндіру үшін қолданылатын  ағаштар кесіліп, бөрене халіне келтіріледі.

Алдымен қабықтары алынып,  кейін майда-майда бөлшектерге бөлінеді. Бұл бөлшектер жуылып, ұнтағыш машинадан өтеді. Машинаның ішінде әртүрлі химиялық заттармен араластырылып, талшықтарға бөлінеді және қамыр халіне келтіріледі. Бұл қамыр ағаруы үшін жеке бір процедурадан өтеді.

 Кейін қамыр миксерге  (араластырғышқа) салынады. Қамырдың ішіне қағаздың сапасын, суға төзімділігін арттыратын, немесе рең беретін түрлі-түсті химиялық заттар қосылады. Миксерден шыққан қамыр бір текті халге келеді.

Қамыр жылжымалы лентаның  үстіне төселеді.  Суы сүзілетін және тығыз цилиндрлердің арасынан өтеді. Осылайша қағаз беттері пайда болады. Соңында ыстық цилиндрлердің арасынан өтіп, құрғатылады. Фабрикадан шыққан қағаздар үлкен рулон түрінде шығады. Оны өңдеушілер қалаған көлемде қырқып сатады.
0 дауыс
кагазды агаштан жасайды,оларды  ондеп истейди
0 дауыс
ен алгаш кагазды Кытай ели жасап шыгарган, кагазды тандаулы агаштан жасайды
0 дауыс
Парақты ағаштан дасайды

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
3 жауап
...