+1 дауыс
12.9k көрілді
2 топтағы мүгедек адамға жұмысқа орналасуына бола ма?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Мүгедектерді жұмыспен қамту

Жергілікті атқарушы органдар мүгедектерді жұмыспен қамтуды мына жолмен қамтамасыз етеді:

қызмет орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектерге жұмыс орындарынан квота бекіту
жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құру
арнайы, сонымен қатар мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру
мүгедектерді кәсіби оқыту ұйымдары

Назар аударыңыз!

Бірінші және екінші топтағы мүгедектер үшін аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақыты бекітіледі, он бес жұмыс күндік қосымша ақы төленетін еңбек демалысы беріледі.
 
Түнгі уақыттағы жұмысқа тек мүгедектік келісімімен, егер оның денсаулығына мұндай режим тйым салынбаса жіберіледі.
 
Еңбек келісім-шартын жасаудан, қызметте өсіруден бас тарту, басқа жұмысқа ауыстыру тек мүгедектің келісімен жүзеге асуы тиіс, егер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы облыстағы өкілетті органның аймақтық бөлімшелерінің қорытындысы бойынша оның денсаулығы кәсіби міндеттерді атқаруға келмесе, денсаулығына қауіп келсе және өзге тұлғалардың еңбек қауіпсіздігіне қайша келсе жоғарыда аталған шаралар керісінше іске асады.

0 дауыс
Менде 2 топтағы мүгедек адаммын,1. 3 пайыэдық квотаны алып тастапты. 2.Әртүрлі курстар да еңбекпен қамту бөлімі арқылы оқуға болады.бірақ жұмысқа орналасу қиын  Мен 2012 жылы "оператор ЭВМ"курсын бітіргем,әлі жұмыссызбын.Еңбекпен қамту бөлімі уәде берген мен әлі орналастырған жоқ.Менің хабарларым көпгеген сайттарда 2012 жылдан бері жүр.Шакырады, бірақ  сетевой маркетиниг.
0 дауыс
Менің жолдасым 2 топтағы мүгедек.Мүгедектік туралы кағазын мекемеге тапсырғаннан кейін еңбек демалысына шыгады.Уақыты біткесін жұмысқа шығуға барса үн тунсіз қолына еңбек кітапшасын толтырп жберип жұмыстан босатып жберді.Еңбек кітапшасына мүгедектігіне байланысты жұмыстан босатылды деп  жазып берген.Сол қаншалықты дұрыс.
...