0 дауыс
790 көрілді
Бұл бағдардағы әйел-қыздар боксы жақында ғана Лондон олимпиядасында олимпияда ойындарына кіргiзілді. Әйелдерге бокстың өзі керек  пе? Олар не себептен боксқа қызығады?

Бокс және зілтемір көтеретін қыздарды тіпті аяймын)

9 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Әлемде әйелдер боксы деген спорт түрі орын алғандықтан бізде амал жоқ одан сырт қала алмасымыз анық. Сондықтан осы спорт түріне бейімді, өмірімді боксқа арнадым дейтін жекелеген қыздарымыз қатысса болар деп ойлаймын. Әрі оларды құрметтеуге де тұрарлық дер едім, себебі бокс жолы ауыр жол, ер жігіттердің де көбі шыдауы қиын соқпақ. Ал жалпы қыздарымыздың осы спорт түріне құмартпай ақ, әйел балаларына қол, ыңғайлы спортпен шұғылданғаны дұрыс болар еді.
+1 дауыс
Еркекшора қыздар барады боксқа. Сондай қыздарға керек деп ойлаймын)
+2 дауыс

Малышка на миллион (Million Dollar Baby 2004) осы кино ұнап еді..... боксер қыз туралы...

Боксты таңдау -бұл енді әркімнің талғамына, таңдауына, қызығушылығына байланысты ғой... 

+1 дауыс
Бізде де әлем чемпионымыз бар ғой. Дегенмен де қыв бала болашақ ана ғой,соны да ойлағандары дұрыс шығар!
+1 дауыс
Менің ойымша әйелдерге бокстың қажеті жоқ.Ана болып, бала тәрбиелеген жарасады.
+1 дауыс

Қажет емес деп ойлаймын.

Бірақ кейбір әйелдер өз-өздерін қорғау үшін айналысады.

+1 дауыс

Бұрын бокс залына бір қыз келген.Боксты ұнатам,қатысқым келеді деп қоймады.Сол кезде бапкеріміз қызға өз ақылын айтып,райынан қайтарған.Ол кісінің айтуы бойынша қыз деген болашақ ана,бұл спорт қыз баланың денсаулығына кері әсерін тигізеді.Себебі омырау тұсынан көптеген соққылар алады.Кеудедегі қан тамырлары( дедіма,жоқ әлде без дедіма,анығын ұмытып тұрмын) жарылады.Ол кейін ана болғанда зардабын тигізеді деп қайтарып жіберді

Ол бапкер өте ақылды болып тұрғо.
иа,ұлты басқа бірақ
Сүт безі деген болар ?
Баркердің айтуы орынды. Десекте бокс спорт түріне қызығушы қыздарда табылары сөзсіз. Мен өзім боксты жақсы көремін. Жасым 30 ассада әлі де бокспен айналысқым келеді. Әрине әлі бастамадым. Қазіргі таңда екі баланыңанасымын. Қалай ойлайсыңдар 30 жасар әйеладамға енді бокспен айналысқан кеш емес пе?
Кәсіби түрде айналысуға ендігі кеш,десе де аулада груша соғуға еш кедергі жоқ))
0 дауыс
Қыздарға зиян бұл споорт менің ойымша қыздарға керек емес
0 дауыс
Әйел баласы жаратылысынан нәзік болып келеді. Ал мұндай спорт түрлері қыз балаларды нәзіктіктен айырып жіберетін секілді, әрі бірін - бірі тоқпақтап жүрген қыз балаларға жараспайды-ақ. Одан гөрі қыз балаларға спорттық гимнастика, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау тәрізді спорт түрлері жарасымды деп ойлаймын.
...