Әлемде әйелдер боксы деген спорт түрі орын алғандықтан бізде амал жоқ одан сырт қала алмасымыз анық. Сондықтан осы спорт түріне бейімді, өмірімді боксқа арнадым дейтін жекелеген қыздарымыз қатысса болар деп ойлаймын. Әрі оларды құрметтеуге де тұрарлық дер едім, себебі бокс жолы ауыр жол, ер жігіттердің де көбі шыдауы қиын соқпақ. Ал жалпы қыздарымыздың осы спорт түріне құмартпай ақ, әйел балаларына қол, ыңғайлы спортпен шұғылданғаны дұрыс болар еді.