Алушының, сондай-ақ БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және зейнетақы жасына толмаған адамның қайтыс болған жағдайында, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 11-бабының 1-, 3-тармақтарына сәйкес, оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға БЖЗҚ-дан республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептiк көрсеткiштің 50-еселенген, бірақ жеке зейнетақы шотындағы қаражаттан аспайтын мөлшерiнде жерлеуге арналған бiржолғы төлем төленедi.
Алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы жерлеуге арналған біржолғы төлемді жүзеге асырған соң, республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына тағайындалған ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда, осы қалдық жерлеуге арналған біржолғы төлем сомасына қосылады.
Қайтыс болған салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыру:
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 31, 32, 33-баптарына сәйкес, БЖЗҚ-да зейнетақы жинағы бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында тағайындалған тәртіпте мұраға қалдырылады.
Зейнетақы жинағын алушы ҚР Үкіметінің 02.10.2013 жылғы № 1042 қаулысымен бекітілген БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинағынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі - №1042 Қағидалар) сәйкес, алушының БЖЗҚ-ға хабарласу тәсіліне қарай төменде көрсетілген құжаттар тізбесін тапсырады.
http://cabinet.enpf.kz/11701 толық ақпаратты осы жерден көре аласыз..