0 дауыс
1.1k көрілді
Саламатсыз ба! Менің қызым 9-шы сыныпта оқиды. Үздік оқушы. Алматыдағы Назарбаевтың физика-математика мектебіне емтихан қашан болады?

5 жауап

0 дауыс

Назарбаев Зияткерлік мектептері 1-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін балаларды оқуға қабылдайды. Оқу үш тілде жүргізіледі – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде. Мектептің екі негізгі бағыты бар – физика-математикалық және химия-биологиялық бағыттар. Оқуға түсу үшін барлық балалар екі кезеңнен тұратын конкурстық іріктеуден өтуге тиіс. Конкурсты өткізу уақыты мен орны туралы ақпарат жыл сайын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» сайтында жарияланады. 

Зияткерлік мектебіне қабылданған үміткерлердің тізбесі мектеп ғимаратындағы стендтерде немесе «Назарбаев зияткерлік мектептері» сайтында орналастырылады. Қажетті балл санын жинаған, бірақ бос орындарының болмауына байланысты Зияткерлік мектебіне қабылданбаған үміткерлер резерв тізіміне енгізіледі. Осы тізім де «Назарбаев Зияткерлік мектептері» сайтында орналастырылады. Егер оқу жылы ішінде орын босаған жағдайда, Зияткерлік мектебінің директоры резервтік тізімдегі үміткерді конкурстық іріктеусіз қабылдауға құқылы.

 – 11(12)-сыныптарға оқуға түсу

Ең бастысы 7 – 11(12)-сыныптарға оқуға түсу рәсімі Бірінші Президенттің «Өркен» білім беру грантын алуда жатыр. Грант дарынды балаларға арналған және білім алушының оқу ақысын толық өтейді. Грантты конкурстық іріктеуден табысты өткен кезде алуға болады. Конкурс екі кезеңнен тұрады.

Толығырақ мына жерде

0 дауыс
Кеш болды,жетінші сыныптан бастап қабылдайды.Бірақ он бірден кейін Назарбаев университетіне түсе болады.
0 дауыс
Кеш болды,жетінші сыныптан бастап қабылдайды.Бірақ он бірден кейін Назарбаев университетіне түсе болады.ю
0 дауыс
физика математикадан окып тапсырасын
0 дауыс
Ол мектеп қазір 6 сыныпты біьірген, 7-ші сыныпқа өткен оқушыларды алады. Мен осы жылы барып көрген болатынмын. Ол кезде 8 сыныппын, қазір 9-ға өттім.
...