+1 дауыс
1.8k көрілді
Бұрын онша ұзын қылып өсіріп көрген жоқпын.Бірақтан өсіруге тура келіп тұр.Ер адамға ұзын шаш ерсі көріне ма?

10 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Бұрын онша ұзын қылып өсіріп көрген жоқпын.Бірақтан өсіруге тура келіп тұр.Ер адамға ұзын шаш ерсі көріне ма?

Бар кезінде қалай өсірсеңде өсіріп ал қалағаныңша, кейін қартайғанда түсіп қалады қызығын көріп қал))

дұп - дұрыс)
+3 дауыс
Бірақ, аваңда ұзын шашпен түсіпсің ғо.
Затроллил ))
Қатырдың Мәке)) +
Айып етпе, басында дұрыс түсінбей қалғанмын ғо).
+2 дауыс
Ерсі көрінеді. Шаш өсірудің керегі жоқ.
рахмет жауабыңа
+1 дауыс
Әрине оның ішінде қазақтарға ерсі көрінеді. Ұзын шаш тек корейге жарасқан.
өсіруге тура келіп тұрса, амал жоқ Ұлықпан Жолдасов ағаң құсап өсіруге тура келетін шығар.........
Мен емес өсірейін деп жатқан жауапқа жазсаңшы )
оебоой кеширерсин....
Кешірдім!
Дұрыс айтасың Чичарито,қазаққа жараспайды.Мен сәндік үшін емес,басқа мақсатпен өсіргім келген.Жауабыңа рахмет
ендеше Чичаритонын пікірінің үстін басуың керек еді,менің емес....((( Чичаритодан мен жаңа солай ескерту алдым ғооо
Ғафу етерсіз,келесіде есте сақтармын
+2 дауыс
Ертеде біздің бабаларымыз шашқа айрықша мән бергені соншалық, оны ғарышпен байланыстырып, жалғастырушы қасиеті бар деп түсінген. Ұрын келген күйеу жігітті қалыңдығымен таныстырғанда орындалатын «қол ұстатар, шаш сипатар» кәдесінің шығу төркіні де сол ырыммен байланысты. Ал біздің ғашықтық туралы жазылған жыр-дастандарымыз бен хиссаларда «шаштарын он күн тарап, бес күн өрген» деген әсерлі теңеулер әйел шашының поэтикалық образға айналғанын көрсетеді.

«Білектей арқасында өрген бұрым, шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,» — деп жырлаған Абай аш белге оралып, тірсекті соғатын бір бұрымды, қос бұрымды шаштардың иелері – арулардың сыр-сымбатына жүрек лүпілін арнаған. Сондықтан, қазақ қызына ғана тән сұлулықты сары алтындай сақтағанымыз жөн.
Ендіше өзің бір ойланып көр.
Бірақ деген мен халқымызда „айдар шаш” өсіру деген әдетіміз де бар. Ол бостан босқа өсірілмейді. Мынадай өз ырымдары бар: Ер баланың арасында өзіндік сәнге айналып келе жатқан «айдар шаш» - бүгінгі кезең үшін экзотикалық көрініс. Ал қазіргі заман осындай экзотикалық элементтерді ұнататын және соған құштар заман.  Қалалықтар үшін экзотикалық көрініс болып табылатын «айдар шаштың» қазіргі заманғы сәндік белсенділікке ие болуының бір мәні осында, екінші жағынан бұл - балаға өте жарасымды да. Тіпті бүгінгі таңда тәуелсіз Қазақстан ұландарының өзіндік белгісіндей көрінуі де мүмкін дер едік. Мұндай балаларды көргенде көңіліңді бір түрлі мақтаныш сезімі билейтіні де жасырын емес. Осындай «айдар шаш» қоюдың мағынасы да, ежелден келе жатқан бұл ескі дәстүрдің көне сыры да көрікті.

Қазақта «айдарлы бала - айбарлы бала» деген сөз бар.Айдар шаш ер баланы тіл мен көзден сақтайтын көрінеді. Сондықтан да ата-ана баласы бір жасқа толғанда, оның қарын шашын алып, төбесіне бір өрімдей ғана шаш қалдырып, оны өсіріп,  көзді маржан, қаратас тағып, өріп қоятын болған.

Айдар койған балаға арнап мал сояды. Ауылдағы ақсақалдарды       шақырып, баласына бата алады. Өнерлі немесе батыр, ортасында сыйлы адамдардың орнына баланы аунатып, «балам осы адамдай болып өссін» деп тілек тілейді. Бірақ «айдар шашты» баланың бәріне бірдей қоя бермеген деген де сөз бар. Негізінен зарығып көрген балаға айдар қойған дейді. Ал ертеде көп жағдайда хан ұрпақтары, бай-манаптар өздерінің ең жақсы көрген және өзінің орнын басады-ау деген балаларына ғана айдар қойған екен. Айдарды он екі жасқа толғанда алып, алғашқы мүшел жасының құрбандығы ретінде ел-жұртқа көрсетіп, мал сойып, баласының ержеткендігін паш етіп, елдің батасын алатын да салт бар.

Қазір көшеден тұлымшақты қыз балаларды да жиі кездестіре бастадық. Бұл да өзіндік бір жарасымдылық. Қыз бала бір жасқа толғаннан кейін оның да қарын шашын алып, екі шекесіне екі шөкім шаш қалдырады. Оны «тұлым шаш», «тұлымшақ» деп атаған. Тұлымды да қыз балаға көз тимесін әрі қызымыз сұлу, сымбатты болып өссін деп ырымдап қойған. Осы жастан бастап қыз баланың шашын алмай, қарын шаштан қалған тұлымын кейін жетіліп өскен шашына қосып өріп өсірген.

Ал қыз балаға да, ер балаға да ортақ тағы бір шаш қоюдың түрі «кекіл қою» деп аталады. Онда баланың шашын ұстарамен жалтырата қырып, маңдайына таяу жерден бір шөкім шаш қалдыратын болған. Кекіл қою да ғасырлар бойы ортамызда сақталған дәстүр. Кекіл баланың сүйкіміне сүйкім қосады, кекілінде ата-ананың арман тілегі, балаға деген мейірім мен сүйіспеншілігі жасырынған. Үлкендер сәбидің кекіліне періште ұялайды деп ырым еткен.
Ұзын сөздің қысқасы сонымен не дейсің я жоқ ?)
Ендеше өзің бір ойланып көр деген жерден жауап аяқталса тіптен керемет жауап болар еді. Жақсы жауап.
Бұл тақырыпта әнгіме қозғалған екен „айдар шаш” туралы, ол неге өсірілетіндігіне анықтама беріп кетейін дегенмін. Айдар шашты тіпті адамдар аңсап жеткен ұлдарына да қойып жатады екен.
Белгісіз
Чичаритоның пікірі ұнады)
Шыңғыс хан,жауабыңа рахмет.Енді өз ойыңды айтсаң?
Өсіргенің зиян етпес. Еш болмаса өріп жүресің.
Белгісіз
+2 дауыс
Жас кезде өсiрiп ал...
ұтқыр жауап,рахмет)
+1 дауыс
Негізі тым ұзын емес қылып өсірсе жарасатын шығар. Негізі өз басыма ұнамайды. Кейбіріне жарасып жатады.
0 дауыс
ол дурыс емес жынды ма.,
аа,может сенин шашын монголдардыкындей орилип журген шыгар
Бос жауаптың керегі жоқ.Бір-бірімізге ондай сөз айтпайық.Жындылар СЖ-да жоқ
0 дауыс
Қысқа шаш неізі жарасадығой,ұзын қылып өсіргің келсе өз еркің
0 дауыс
Менің ойымша ер жігітке ұзан шаш өсірудің қажеті жоқ. Қазір сән үшін шаш өсіріп алатын жігіттер жетерлік. Қыздар секілді тырыстырып шалбар киіп алады да, ұзын шаш қояды.Артынан жігіт екені,я қыз бала екенін түсінбей қаласың. Ұзын шаш тек аруларға жарасымды. Жігіттер жігіт қалпында қалғаны жөн. Ал, шаш өссіруіңнің белгілі бір себебі болса, онда түсіністік танытуға болады. Бірақ, ұзын шашпен "миссияң" аяқталған сәтте, дереу шашыңды қидырғаның дұрыс деп ойлаймын.
...