Мен SYOSS-тің мынандай сусабынын қолданып көргенмін.. Маған ұнамады... бір рет ғана қолданып көрдім, басымды қышытып, шашым шаң сияқты болып тұрды, сосын пайдаланбадым....
Және массагет кз-дан алынған ақпаратты оқып көріңіз...
Олар шашты тазартып қана қоймайды, құрамына пантенол (қалпына келтіреді және ылғалдандырады), ментол және жалбыз (сергітеді және қышуды басады), триклозан(антибактериалды қорғаныс), эфир майының сығындысы (бас терісін күтеді) қосылатындықтан шашыңызды барлық жағынан қорғайды.
Бұл сусабындар ұнтақ түрінде ғана емес, спрей нұсқасында да шығарылып жүр. Көлемдері де әртүрлі келеді: үйде қолдануға арналған үлкені, жолда алып жүруге арналған шағыны бар.
Сусабынды қолдану әдісі өте қарапайым: сіз баллонды қағып-сілкейсіз де, шаштың түбіне төгесіз немесе себесіз. Онан кейін жарты минут уақыт күтесіз. Содан кейін құрғақ сусабынды шаштың бәрлық жеріне тигізу үшін шашты қолыңызбен шайқайсыз немесе ысқылайсыз. Соңында шашты тарасаңыз жетіп жатыр.
Құрғақ сусабындардың шашқа көлем беріп, көтеретін де қасиеттері бар. Бұл туралы ыдыстың сыртында жазылады.
Стилист мамандар сусабынды шашты кірден тазарту үшін ғана емес, шаш үлгісін сақтап қалу үшін де қолдана беру керек екендігін айтып отыр.
Құрғақ сусабындар майлы шаштарға жақсы. Бір аптада екі рет жусаңыз жетіп жатыр. Әрине, құрғақ сусабындар сумен тазартқанды алмастыра алмайды, сондықтан, оларды дәстүрлі сусабындармен араластырып пайдаланған жөн.