Тек мұнай өндірісімен тоқталып қалмау керек. Мұнайды тиімді пайдалану керек. Мұнай өңдеу зауытын салуға 10 жылдай уақыт кетсе де олардың санын көбейту қажет. Қазір болмаса да кейін олардың пайдасы болады. Қазақстанның мұнай қоры, өндірісі жақсы, баршылық. 2020-30 жылда мұнайсыз отырамыз деп ауру сатып алғандай айтпаңыздар. Мұнай таусылса баска елдерден сатып алып, оны өндіріске пайдаланып, экспорттап, қызығын көруге болады. Тіптен олай істей алмасақ мұнайға қадалып қалған еш нәрсе жоқ. Баска да салаларды дамытып, содан да пайда көруге болады. Туризмді, спорттымызды, темір, уран, алтын өндірісін дамытып та бай ел болуға болады. Мұнайдың бағасы түсіп кетті деп байбалам салып, аш каламыз деудің қажеті жоқ. Тығырықтан шығудың көп жолы бар. Тек ұтымды ойлап, еңбек ету қажет.