0 дауыс
2.0k көрілді
Өмірде екі нәрседен қателесуге болмайды дейді ғой,оның бірі МАМАНдық таңдаудан!

Алла қаласа экономист мамандығын таңдап отырмын,кейбірі айтып жатады,ой жұмыс таба алмайсын жүресін сандалып деп жатады сол кезде мен қалай айтсам болады сынып қаламын да) бір түрлі боп қаламын шынымен жұмыссыз жүріп қалатын шығармын деп.

Бірақ қарап отсан ЭКОНОМИКА деген ол болашағы керісінше Жарқын секілді,себебі ел экономикасы деп жатамыз.Экономиканы дамыту керек деп жатамыз.

Жұмыс таба алмай жүрген олар тек жай экономист деген ДИПЛОМЫ бар деп ойлаймын.Жай оқи салған,тағы қалай айтсам болады онша көңіл бөлмеген ол туралы білімі де хабары жоқ адамдар яғни экономисттер деп ойлаймын солай жұмыссыз жүргендер.

Негезі қалай сіздің ойыңызша?

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Экономист мамандығын бітіру арқылы сізде бірнеше мүмкіндіктер пайда болады: 1) Экономист мамандығы бойынша диплом; 2) Экономика бойынша біліміңіз барынша терең болады және соны қолдана отырып өзіңіз бизнес ашып, оны жүргізе аласыз; 3) Егер, шынымен де,  ол мамандыққа қызықсаңыз, сол саланың тамаша маманы бола аласыз және жұмыс орнын да тез тауып ала аласыз. Себебі өз саласын жетік білетін мамандар қай жерге болсын керек. Ең бастысы, барлығы өзіңізге байланысты екенін ұмытпаңыз.
0 дауыс
Экономист мамандығын оқысаң міндетті түрде экономист боласың деген сөз емес таныс арқылы басқа жақсы жұмысқа тұрып кетуге болады) бастысы диплом алып алу керек.
0 дауыс
Әр кезде өз ісінің білікті маманы қай салада болмасын керек. Жұмыссыз сандалып жүрген өзініз айтпақшы "амалсыздан оқи салғандар" ғой! Әрі оқып бітіргенше 4 жыл уақыт бар, оған дейін әлі талай нәрсе өзгереді.
0 дауыс

Дұрыс айтасың,жұмыс жоқ деп жата берсең жұмыс жоқ .Оқып,білікті маман болсаң бәрі ойдағыдай болар

...